М.Әшімбаев: Қ.Тоқаевтың бағдарламасы нақты істерге бағытталған Избранное

Среда, 29 Май 2019 04:05 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 3263 раз

Сабақтастық – Тәуелсіздіктінығайту. Әділдік – барлық адамдардың заңның алдында теңдігі. Өрлеу – алға қарай дами түсу.

Тоқаев 10

ҚР Президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың республикалық қоғамдық штабының мүшелері Шымкент қаласына келіп, сайлау алды бағдарламаның мәні мен маңызын түсіндіріп берді.

Республикалық қоғамдық штабты «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаттары Сауытбек Әбдірахманов, Бақытжан Ертаев, Қуаныш Сұлтанов, Дархан Мыңбай, тағы басқа бірқатар қоғам қайраткерлері бастап келді.

Мәулен Сағатханұлы жетекшілік ететін республикалық қоғамдық штаб мүшелері бүгінде барлық өңірлерді аралап жүр.

Шымкент қаласындағы сайлаушылармен, партия мүшелері және жақтастарымен кездесуде республикалық штабтың басшысы Мәулен Әшімбаев Қ.Тоқаевтың тәуелсіздікті күшейтіп, мемлекеттігімізді нығайтуға зор еңбек сіңірген қайраткер екеніне тоқталды. Жалпы жиында кандидаттың негізгі үш ұстанымы – сабақтастық, әділдік және өрлеу қағидалары жан-жақты талданып, кеңірек баян етілді.

– Қасым-Жомарт Тоқаев – сыртқы және ішкі саясатта, экономика, заң шығару саласында қызмет атқарған, халықаралық саясатта мойындалған тұлға. Үкімет басшысы болып жұмыс істеген. Оның ең жоғары лауазымды қызметтерге лайық азамат екеніне Елбасының өзі баға берген еді. Тәуелсіздіктің бірінші күнінен бастап, Елбасының сенімді серігі ретінде, мемлекетімізді дамытуға қосқан үлесін ескеріп, осындай ұсыныс жасады.

Тәуелсіздік – ең қастерлі, қасиетті ұғым. Осы тәуелсіздікті баянды етуге еңбек сіңірген қайраткердің бірі – Қасым-Жомарт Тоқаев. Ол Елбасының қасында жүріп, басқа да стратегиялық бағдарламалдарды дайындауға көп үлесін қосты, - деді Мәулен Сағатханұлы Тұңғыш Президенттің саясатын сабақтастыра жалғастыруға әрекет ететін, әлеуетті күш екенін көрсететін сәт келді.

Штаб мүшелерінің жиында айтқан ойлары негізінен осыған саяды. Шымкент тұрғындары қашанда Елбасы саясатын қолдап келген. Барлық бастамаларға өз үлесін қосуда.

Тоқаев 7

Кездесуде, сондай-ақ, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Қуаныш Сұлтанов, Бақытжан Ертаев, ҚР Парламент Сенатының депутаты Асқар Бейсенбаев, мемлекет және қоғам қайраткерлері Нұрлан Оразалин, Зауытбек Тұрысбеков, «Егемен Қазақстан» газеті АҚ басқарма төрағасы Дархан Қыдырәлі, тележүргізуші Дана Нұржігіт сөз сөйлеп, Қ.Тоқаевтың жан-жақты қалыптасқан тұлға екеніне назар аударды.

Жиын соңында партияның Шымкент қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бахадыр Мәдәліұлы Шымкент қаласының тұрғындары тағдыршешті кезеңде Қ.Тоқаевты қолдайтынын жеткізді.

Тағабай ҚАСЫМ

Л. Гумилев атындағы ЕҰУ-дің 2010 жылғы түлегі. 2012-2013 жылдары облыстық «Оңтүстік Рабат» газетінің, 2014-2016 жыл аралығында республикалық «Спорт» газетінің тілшісі қызметін атқарды. 2013 жылдың тамыз айынан бері «Шымкент келбеті» газетінде тілші болып жұмыс істейді.