Бүлдіршіндер қамқорсыз қалмайды

Пятница, 31 Май 2019 04:54 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 1957 раз

Жуырда Шымкент республикалық «Жас ұлан» мектебінің ұландары мектеп басшылығы мен ата-аналар комитетінің ұйымдастыруымен қалалық №3 балалар үйіне барып, қайырымдылық іс-шарасын өткізіп қайтты.

3 балалар үйінде 5

Мұндағы мақсат – ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балаларға моральдық көмек көрсету, оларға патриоттық тәрбие беруде және мамандық таңдауда дұрыс бағдар беру, ағалық жылулықты сезіндіру болатын.

Мектеп ұландары балалар үйінде бүлдіршіндерге қызықты ойындар ойнатып, концерттік бағдарлама ұйымдастырды және түрлі сыйлықтар тапсырды.

Сонымен қатар балақайлардың патриоттық сана-сезімін қалыптастыруда Отан алдындағы борыш туралы әңгімелесіп, көңілдерін аулап қайтты.

Ұландар бұдан кейін тәрбиеленушілермен бірге мекеме аумағын тазалап, ағаштарды әктеді және табиғатты аялау жөнінде әңгімелесті. Балалар үйінің басшылары ұландарға ризалықтарын білдірді.

Сара Спабек,
«Жас ұлан»
мектебінің қызметкері

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.