Мемлекеттік рәміздер – елдігіміздің нышаны Избранное

Среда, 05 Июнь 2019 04:00 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 2812 раз

Шымкент қаласындағы «Тәуелсіздік» саябағында 4 маусым Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері күніне арналған салтанатты жиын өтті.

62228917 2388681941457407 3844448483897507840 o

Мерекелік жиынға мемлекеттік қызметкерлер мен қала тұрғындары қатысты. Алдымен, мерекелік алаңда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы мен Елтаңбасы ұлықталып, Мемлекеттік Гимні шырқалды.

Мемлекетіміздің символы болып саналатын рәміздер жөнінде Ардагерлер кеңесінің мүшесі, жазушы Сейдахмет Байдәулетов кеңінен әңгімелеп, оның ерекше орын алатын мәні мен маңызына тоқталып өтті.

Тарихқа жүгінсек, 1992 жылы 4 маусым тәуелсіз Қазақстанның мемлекеттік рәміздері алғаш рет бекітілді. Алғашқыда Елбасымыздың тапсырмасы бойынша құрылған Мемлекеттік кеңестің талқылауына Тудың – 1200, Елтаңбаның – 245, Әнұранның 750 нұсқасы ұсынылған екен.

Салтанатты шарада шымкенттік әншілер «Егемен елім», «Қазағым менің», «Көк тудың желбірегені» т.б. әндерді нәшіне келтіре орындады. Шара барысында қала өнерпаздарының қатысуымен мерекелік концерт ұйымдастырылды.

Другие материалы в этой категории: « Сарқыт аларда сақ болыңыз! Ақыл қалта »