Кәсіпкерлер кардиоорталыққа автотұрақ салып берді

Среда, 05 Июнь 2019 04:30 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 2742 раз

Шымкент қалалық кардиологиялық орталығына келген азаматтар енді автотұрақ іздеп қиналмайтын болды. Рамазан айының құрметіне орталыққа “Оңтүстік Құрылыс Сервис” ЖШС, “Корпорация Береке” ЖШС және “Бадам-Тас Строй” ЖШС бірлесіп автотұрақ салып берді.

автотурак4

Қасиетті айда тамаша тартуға ие болған мекеме қызметкерлерінің қуанышында шек жоқ. Демеушілер құны 4 млн теңгені құрайтын, 200-дей көлік қоюға лайықталған автотұрақты салып, қолданысқа берілді. Үш компания басшылығы өз ниетімен қол ұшын созып, ауыр техника, қажетті материалдармен көмектесті.

Қолы жомарт кәсіпкерлердің кардиоорталыққа автотұрақ салып бергені де дұрыс болыпты, өйткені, қызметкерлердің көліктері мекеменің бос жерлеріне қойылатын-ды. Ал мұндай жағдай жедел жәрдем көліктерінің науқасты дер кезінде жеткізудегі қиын қақтығыстардың тууына себепші болып жататын.

- Осы автотұрақ ел игілігіне қызмет ете берсін. Кардиоорталыққа тек тексерілу үшін ғана келейік. Бұл жерге келген науқастар аттай жазылып кетсін, - деді демеушілердің атынан сөз сөйлеген “Корпорация Береке” ЖШС басшысы Рәшкүл Оспанәлиева.

Автотұрақтан бөлек Кардиологиялық орталыққа Шымкент қаласы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдувалиев шамасы шектелген ауыр науқастарды тасымалдауға арналған жеті кресло-қоларба табыс етті.
Рамазан айында осындай игі сауап істер атқарып, қажетті тартулар жасап жатқан кәсіпкерлерге Орталық қызметкерлері алғыс айтып, ризашылығын жеткізді.

Мөлдір КЕНЖЕБАЙ

2012 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. 2014 жылы аталған факультеттің магистратурасын бітірген. Бұған дейін «Болашақ-Жасар», «ALASH» ұлт патриоттары жалғасы»  басылымдарында, «Жас қазақ» ұлттық апталығында жұмыс істеген. 2016 жылдың қараша айынан бастап «Шымкент келбеті» қоғамдық-саяси газетінің тілшісі. 

«Жастарға – Respect» қосымшасының редакторы.