Сайлау күні қоғамдық көліктер тегін жүреді

Среда, 05 Июнь 2019 04:33 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 2488 раз

9 маусым күні өтетін Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауына дайындық іс-шаралары қыза түсті. Шымкентте осы күні 260 сайлау учаскесі жұмыс істейді.

Әрбір азамат сайлауға қатысу арқылы елдің қоғамдық-саяси өміріне маңызды үлес қосады. Елдің болашағын таңдау – әрбір азаматтың қолында. 

Еске салсақ, қала тұрғындары қай сайлау учаскесінде дауыс беретінін Шымкент қаласы әкімдігінің ресми сайтында, ЖСН нөмірін жазу арқылы біле алады.

Айта кетерлігі, 9 маусым күні Шымкентте қоғамдық көліктер қала тұрғындарын тегін тасымалдамақ. Ал сайлау учаскелерінде дауыс беру сағат 7:00-ден 20:00-ге дейін жалғасады.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.