Версия для печати

Жоғары дәрежеде өткен саяси науқан Избранное

Среда, 12 Июнь 2019 05:08 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 2155 раз
Оцените материал
(0 голосов)

Қазақстанда өткен Президент сайлауының барысын ТМД елдері бақылау миссиясының төрағасы Сергей Лебедев оң бағалады.

Бақылаушы

Оның айтуынша, елдегі барлық сайлау учаскелері дер кезінде ашылып, жұмыс істеді. Өрескел заң бұзушылық тіркелмеген. Бақылаушылар бұған қоса сайлаушылардың да белсенділігін атап өтті.
– Жалпы алғанда дауыс беру бірқалыпты өтті, - деді Сергей Лебедев. – Біз барлық сайлау учаскелеріндегі дайындық барысын бақыладық.

ТМД парламентаралық ассамблеясының бақылаушылары да Президент сайлауының жоғары дәрежеде ұйымдастырылғанын атап өтті. Кандидаттардың сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары мен дауыс беру процесі бірқалыпты өткен, дейді бақылаушылар.

Халықаралық бақылаушылар бірнеше апта бойы сайлау алдындағы үгіт-насихат жұмыстарында, дауыс беру процесін де мұқият бақылағандарын айтады.

– Орталық және аймақтық сайлау комиссияларының жұмысына тек жоғары баға бере аламыз, - дейді ТМД парламентаралық ассамблеясына мүше мемлекеттер азаматтарының сайлау құқықтарын сақтау, парламентаризм және демократияны дамытуды Халықаралық мониторинг институты директорының орынбасары Екатерина Голоулина.

Мұның бір себебі, 2016-2017 жылдары сайлау туралы заңнамаға бірқатар жаңашылдықтар енгізілген. Екіншіден, бұл жолғы сайлау Президенттіктен үміткерлердің санына байланысты да ерекшеленді.

– Қазақстан азаматтарының, Президент сайлауына өз үміткерлерін ұсынған партиялар мен қоғамдық бірлестіктердің жоғары электоралды мәдениетін атап өту керек. Бұған қоса Орталық сайлау комиссиясы да саяси науқанды жоғары дәрежеде ұйымдастырған, - деп атап өтті тәжікстандық бақылаушы Саехат Дададжонова.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.