БІРЛІК ҮШІН ЖАСАЛҒАН ТАҢДАУ

Среда, 12 Июнь 2019 05:20 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 291 раз

Қазақстан Республикасының Президентін сайлау әрбір сайлаушы үшін өте жауапты миссия екені белгілі.

Дәрменов

Өйткені, елдің жарқын болашағы біздің қандай үміткерді таңдап алғанымызға байланысты. Орталық сайлау комиссиясы 9 маусымда өткен кезектен тыс Президент сайлауында кандидаттарға сайлаушылардың қанша дауыс бергенін жариялады. ОСК мәліметінше, Қ.Тоқаев 70,96 пайыз дауыс жинады. Бұл халықтың жаңа Президентке деген үлкен сенімін білдірсе керек.

Еліміздегі сайлау барысын мыңнан астам халықаралық байқаушы қадағалады. Сайлау жоғары деңгейде, әділ және ашық өтті. Әлемнің 40 елінен келген 350-ге жуық шетелдік журналистер дүниежүзіне хабар таратты.

Қасым-Жомарт Тоқаев – парасатты, пайымды, халықаралық тәжірибесі бар беделді саясаткер. Терең ойлы, бірнеше тілді меңгерген кәсіби дипломат. Ол Елбасы Н.Назарбаевтың тәуелсіздікті қалыптастыру және нығайту жылдары жанында жүріп, жас мемлекетіміздің ең жауапты, ең күрделі кезеңдерінде, білікті маман, тәжірибелі мемлекетшіл тұлғалар тапшы тұстарда сенімді серігі бола білді.

Қай-қай мәселені де егжей-тегжейлі зерттей білетін зерделілігімен көзге түскен тұлға.

Қасым-Жомарт Кемелұлы – Қазақстан Президенті ретінде мемлекетті әлемдік аренада таныстыратын абыройлы тұлға. Тәуелсіздіктің алғашқы 10 жылында әлемнің әр мемлекетімен берік ынтымақтастық орнату жолында жанкештілікпен еңбек еткен ҚР Сыртқы істер министрі Қасым-Жомарт Кемелұлының тарихта айрықша орны бар. Әлемдік саясатта өз орнын ойып алған салиқалы саясаткер екенін осылайша дәлелдеді.

Сондықтан да кейіннен Қасым-Жомарт Тоқаевтың БҰҰ Бас хатшысының орынбасарлығына, Женева бөлімшесінің Бас директорлығына тағайындалуы жай кездейсоқтық емес, заңдылық дер едім.

Қасым-Жомарт Кемелұлы – үлкен саяси мектептен өткен білімді, білікті азамат. Бұл - лайықты таңдау. Қазақстан халқы Елбасы стратегиясының сабақтастығын берік қолдап отыр.

Ермек ДӘРМЕНОВ,
Шымкент қаласы
мәслихатының депутаты

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Директор – Бахтияр Тайжан. Қоғамдық-саяси газет облыс, қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.