Қолыңда барды бағала

Среда, 12 Июнь 2019 05:27 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 357 раз

Барлығымыздың көздегеніміз – тұрақтылық екені айқын. Ал елдегі тұрақтылық алдымен әрқайсымыздың өзімізден басталады.

Ділдәбеков

Осы тұрғыда әр замандасым «Саясат менің не теңім?» деген сауалды ой елегінен өткізсе екен деймін. Себебі, тәуелсіз елім бар, еңбекшіл халқым бар, ұйысқан ұлтым бар, жақындарым аман, алдымда жейтін асым бар.

Ендеше, қолында барды бағалау – қанағаты бар пенденің баяны. Көшеге шығып, өзіңше әділдік талап еткен боласың. Сенің осы жүрісіңнің өзі әділ ме? Зер салып қарашы, бауырым. Барды қанағат тұтпайтын пендені әділ деп айта аламыз ба?

Ендеше, көлденең көк аттыларға, ниеті бөтен, сырттан көз тіккен дұшпанға тыныштығымызды бұзуға жол бермейік!

Мұхтархан Ділдәбеков,
Қазақстанның еңбек
сіңірген спорт шебері

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Директор – Бахтияр Тайжан. Қоғамдық-саяси газет облыс, қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.