Версия для печати

Hawaii Shymkent – туризмге үлес қосар аймақ

Среда, 12 Июнь 2019 05:33 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 3135 раз
Оцените материал
(0 голосов)

Үшінші мегаполисте Hawaii Shymkent демалыс аймағы ел игілігіне берілді. Маятас елдімекенінде Бадам суқоймасы маңынан орын тепкен нысанның ашылу рәсіміне қала әкімінің орынбасары Данат Жумин, Халық қаhарманы Тоқтар Әубәкіров, Қазақстанның Құрметті журналисі Байдулла Қонысбек, халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері Мархабат Байғұт сияқты елге белгілі зиялы қауым өкілдері қатысты.

DSC 4121

Жаңа нысанның салтанатты ашылу рәсімінде Данат Есболұлы демалыс аймағы қаланың туризм саласының дамуына үлес қосып, бәсекелестік орта қалыптастыратынына сенім білдірді. Қазақ елінің тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әбубәкiров те ел игілігіне жұмыс істей беруіне сәттілік тіледі.

– 2017 жылы эскиз-жобамызды қала әкімі Ғабидолла Рахматоллаұлы бірінші қолдады. Міне, осындай қолдаумен құрылысты аяқтап отырмыз. Басты мақсат – халық игілігі үшін жұмыс істеу. Бір айта кетерлігі, жанымызда Бадам су қоймасы бар. Ол қазір туризмге де жұмыс істеп тұр. Келешекте су қоймасы туризмнің орталығына айналар деген үміт бар.

Болашақта қала әкімінің қолдауымен тағы да бірнеше жобаларды іске асыру ойда бар, - дейді жобаны іске асырушы Сенбай Сейсенов.

DSC 4257

Жалпы құны 1 млрд 250 млн теңгелік жобаның құрылтайшысы – белгілі меценат Төкен Танаұлы. Аумағы 5,7 гектар кешенде бір мезетте 1500-2000 адам тыныға алады. Жыл бойы үздіксіз жұмыс істейтін Hawaii Shymkent аймағы отбасымен демалуға таптырмас орын. 3 бассейн, демалыс орындары, мейрамхана, конференц залы бар. Мұнда құрылыс кезінде 250 адам жұмыс істеген. Қазір 85 адам қызмет істеп жүр. Бәрі де осы ауылдың адамдары.

Тағабай ҚАСЫМ

Л. Гумилев атындағы ЕҰУ-дің 2010 жылғы түлегі. 2012-2013 жылдары облыстық «Оңтүстік Рабат» газетінің, 2014-2016 жыл аралығында республикалық «Спорт» газетінің тілшісі қызметін атқарды. 2013 жылдың тамыз айынан бері «Шымкент келбеті» газетінде тілші болып жұмыс істейді.