Версия для печати

10 миллион қазақстандық сақтандырылады

Среда, 12 Июнь 2019 05:44 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 2047 раз
Оцените материал
(0 голосов)

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен елімізде медицина саласына қатысты көптеген мәселелер көтеріліп, шешімін табуда. Соның бірі – мемлекет тарапынан кепілдік берілген медициналық қызметтер пакетін оңтайландыру.

Мемлекет қоржынынан медициналық көмекке бөлінген қаржы көлемі жыл сайын жүйелі түрде көбейіп келе жатқанда медициналық көмектің сапасы да біртіндеп жақсаратыны сөзсіз.

Жалпы, Шымкент тұрғындарына 97 медициналық ұйым қызмет көрсетеді. Әлеуметтік сақтандыру қоры бойынша жекеменшік 64 және мемлекеттік 33 ұйымда ТМККК көрсетуге мемлекеттік тапсырыспен қызмет көрсетуге келісім жасалған.

2019 жылдың қаңтарынан бастап бірыңғай жиынтық төлем (БЖТ) енгізілді. Оның ішінде басқа әлеуметтік төлемдермен қатар міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жарнасы да бар. Бұл төлем азаматтарға міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне қатысуға мүмкіндік береді.

Бірыңғай жиынтық төлемді еңбек етіп жүрген, жалдамалы жұмысшылар еңбегін пайдаланбайтын, жеке тұлғаларға қызмет көрсететін жеке тұлғалар төлейді. Төлем республикалық, облыстық маңызы бар қалаларда 1 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) болса, басқа елді мекендерде (ауыл, аудан т.б.) 0,5 АЕК құрады. Айлық есептік көрсеткіш мөлшері бүгінгі таңда 2 мың 525 теңгені құрап отыр.

Мемлекет халықтың әлеуметтік жағынан аз қамтылған, тұрмысы төмен бөлігін қолдау мақсатында он миллионға жуық адамды сақтандыруды өз мойнына алып отыр. Яғни, 15 санатқа жататын азаматтарға сақтандыру жарнасы мемлекет тарапынан төленеді.

Н.Назарбекова,
«Шымкент көз микрохирургиясы»
ЖШС директоры,
Н.Киікбаева,
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры»
КЕАК Шымкент қаласы бойынша филиалы
директорының орынбасары

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.