Рамазан БЕКТҰРҒАНОВ,
Шымкент қаласы мәслихатының депутаты
«Бүгінгі күн – ертеңгі тарих» деген сөз бар. Күні кеше ғана біз де тарихи сәттің куәгері болдық. Шымкент қаласы делегациясының құрамында ҚР жаңа сайланған Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты ұлықтау рәсіміне қатыстық.
Мемлекет басшысы Қазақстан халқына ант беріп, өз сөзінде ел болып, халық болып қолдау көрсетілгенін атап өтті.
Осылайша Қасым-Жомарт Тоқаев ел сайлаған, халықтық Президент болды. Мемлекет басшысы осының барлығы біздің, Қазақстанның болашағы үшін істеліп жатқан жұмыс деп ерекше нақтылады.
Енді біз де осынау қуанышты жағдайды елге жеткіземіз. Мемлекет басшысының тапсырмасын орындауға кірісеміз.