Версия для печати

Жасампаздық жеңісі!

Пятница, 14 Июнь 2019 05:50 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 1946 раз
Оцените материал
(0 голосов)

Әлия ЮСУПОВА,
ҚР еңбек сіңірген спорт шебері

Юсупова-3

Нұр-Сұлтан қаласында өткен ел тарихындағы маңызды сәттің куәгері болдық. «Тәуелсіздік» сарайында ҚР Президентін ұлықтау рәсімі өтті.
Лауазымына ресми түрде кіріскен соң Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын айқындап берді.

Соның ішінде ең маңыздыларының бірі халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту мен жастарға қолдау көрсету дер едім.
Қ.Тоқаевтың сайлаудағы жеңісі – «Nur Otan» партиясының ғана жеңісі емес.

Бұл – елдегі бірізділік саясатын, тұрақтылық пен бірлікті жақтаушылардың жеңісі. Халық Елбасының сарабдал саясатын жалғастыруды жақтап, мемлекетшіл тұлғаға дауыс берді.
Мемлекет басшысы инаугурацияда сайлауалды бағдарламасын толық жүзеге асыратынын мәлімдеді. Әсіресе, халықты баспанамен қамтамасы ету және ұлттық табысты әділ бөлу бағыттары көпшілігімізді қуантып отыр.

Алға, Қазақстан!

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.