Версия для печати

Салық төлеушілердің қызметін мәжбүрлі тәртіппен тоқтату ерекшеліктері

Вторник, 18 Июнь 2019 10:26 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 2381 раз
Оцените материал
(0 голосов)

Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» кодексіне  25.12.2017 жылғы №121-VI  заңымен енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға сәйкес 93-ші баппен,   салық төлеушілердің қызметін мәжбүрлі тәртіппен тоқтату енгізілді. Аталған баптың орындалу ерекшеліктері мен тәртібі төмендегідей:

1. Мәжбүрлі тәртіппен қызметін тоқтатуға бір мезгілде мынадай шарттарға сәйкес келетін:

1) күнтізбелік жылдың 1 қаңтарына дейін, бірақ осы Кодекстің
48-бабында белгіленген талап қоюдың ескіру мерзімінен кем болмайтын мерзімде:

  • салықтық есептілікті ұсынбаған;
  • экспорттық-импорттық операцияларды жасамаған;
  • егер күнтізбелік жыл ішіндегі төлемнің және (немесе) ақша аударымының сомасы республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын жалақының                     12 еселенген ең төмен мөлшерінен аспайтын  жағдайларды қоспағанда, банктік шоттар бойынша төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын, сондай-ақ зейнетақы төлемдерін және (немесе) әлеуметтік төлемдерді алуды жүзеге асырмаған;

қосылған құн салығын төлеуші ретінде тіркеу есебінде тұрмаған;

2) күнтізбелік жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша:

  • қосылған құн салығын төлеуші ретінде тіркеу есебінде тұрмаған;
  • осы Кодекстің 213 және 214-баптарында айқындалған тәртіппен салықтық есептілікті ұсынуды тоқтата тұрмаған;
  • жеке тұлғалардан мүлік, көлік құралдары салықтары, жер салығы, бірыңғай жер салығы салынатын объектілерді қоспағанда, меншік құқығында көрсетілетін салықтар салынатын объектілер жоқ;
  • әлеуметтік төлемдер бойынша берешегі жоқ;
  • салықтар және бюджетке төленетін төлемдер, кедендік төлемдер және республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын 6 еселенген айлық есептік көрсеткіштен асатын мөлшердегі салықтар бойынша салықтық берешегі жоқ резидент-заңды тұлғалар, олардың құрылымдық бөлімшелері, бейрезидент-заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелері,  қызметін құрылымдық бөлімше ашпай, тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезидент-заңды тұлғалар, дара кәсіпкерлер жатады.

Осы тармақтың ережелері:

1) осы Кодекске сәйкес салықтық мониторингке жататын;

2) қызметін жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа сәйкес жүзеге асыратын салық төлеушілерге қолданылмайды.

2. Салық органдары жыл сайын:

1) осы баптың 1-тармағының талаптарына сәйкес келетін субъектілердің бастапқы тізбесін 1 наурыздан кешіктірмей қалыптастырады;

2) мынадай мәліметтерді:

сәйкестендіру нөмірін (ол болған жағдайда);

салық төлеушінің тіркеу нөмірін;

жеке тұлғаның тегін, атын, әкесінің атын (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) не субъектінің атауын;

субъектінің орналасқанжеріндегі салық органының атауын;

кредиторлардың және (немесе) субъект мәжбүрлі түрде таратылған (есептік тіркеуден шығарылған, қызметін тоқтатқан) жағдайда құқықтары мен заңды мүдделері қозғалатын өзге де тұлғалардың өтініштерін (наразылықтарын) қабылдау үшін салық органының мекенжайын көрсете отырып, мәжбүрлі түрде таратылуға жататын субъектілердің қалыптастырылған тізбесін бұқаралық ақпарат құралдарында 1 сәуірден кешіктірмей орналастырады;

3) субъектілердің қалыптастырылған тізбесі бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланғаннан кейін 1 мамырдан кешіктірмей, мәліметтер алу үшін:

  • екінші деңгейдегі банктерге және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға – осы баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің  1) тармақшасында айқындалған төлемдер және (немесе) ақша аударымдары туралы;
  • уәкілетті мемлекеттік органдарға – мүліктің, көлік құралдарының, жер учаскелерінің бар-жоғы туралы;
  • әділет органдарына – Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімінде мәліметтердің болуы (болмауы) туралы сұрау салулар жібереді.

3. Қойылатын наразылықтардың құқыққа сыйымдылығын растайтын құжаттар қоса берілген, кредиторлардың немесе өзге де тұлғалардың өтініштерін (наразылықтарын) салық органдары күнтізбелік жылдың 1 маусымына дейін қабылдайды.

4. Мәжбүрлі түрде таратуға (есептік тіркеуден шығаруға, қызметін тоқтатуға) жататын субъектілердің түпкілікті тізбесі осы баптың 2-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген мәліметтер алынған және кредиторлардың немесе өзге де тұлғалардың өтініштері (наразылықтары) болмаған жағдайда күнтізбелік жылдың 1 шілдесінен кешіктірілмей қалыптастырылады.

5. Салық органдары осы баптың 4-тармағында көрсетілген тізбеге қосылған субъектілерге қатысты мәжбүрлі түрде тарату (есептік тіркеуден шығару, қызметін тоқтату) үшін талап қою арыздарын сотқа  күнтізбелік жылдың 1 қыркүйегінен кешіктірмей жібереді.

Осы баптың аясында жолданған талап қою арыздары бойынша шығарылған және заңды күшіне енген сот шешімдері мен ұйғарымдары  негізінде қызметі мәжбүрлі түрде тоқтатылып, резидент-заңды тұлғалар, олардың құрылымдық бөлімшелері, бейрезидент-заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелері,  қызметін құрылымдық бөлімше ашпай, тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезидент-заңды тұлғалар Ұлттық тізілімнен шығарылуға, ал дара кәсіпкерлер есептік тіркеуден шығарылуға жатады.

Мәжбүрлі түрде таратылуға жататын субъектілердің қалыптастырылған тізбесін ҚР ҚМ МКК Шымкент қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің http://shymkent.kgd.gov.kz   сайтында орналастырылады.

 

Еңбекші ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы

«Ақпаратты өңдеу орталығы» бөлімінің басшысы Қ. Сапарбекова

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.