Версия для печати

Қала әкімі қайта тағайындалды Избранное

Среда, 19 Июнь 2019 05:40 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 2097 раз
Оцените материал
(0 голосов)

17 маусым күні алтыншы шақырылған Шымкент қаласы мәслихатының кезектен тыс елуінші сессиясы өтті.

sessiya 3

Баходир Салимов төрағалық еткен сессияда халық қалаулылары Қазақстан Республикасы Президентінің ұсынысын қарады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жолдаған хатына сәйкес, Шымкент қаласы әкімінің лауазымына Ғабидолла Әбдірахымовтың кандидатурасы ұсынылған. Депутаттар ҚР Президентінің ұсынысын қолдап, Ғабидолла Рахматоллаұлының қала әкімі лауазымына тағайындалуын бір ауыздан мақұлдады.

Еске сала кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Конституциясының 87-бабының 5-тармағына сәйкес жаңадан сайланған ҚР Президенті қызметіне кіріскен кезде Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары және облыстардың әкімдерінің өкілеттігінің тоқтатылуына байланысты қаулы еткен болатын.

Сессияда, сонымен қатар, «Шымкент қаласының Құрметті азаматы» атағын беру туралы ұсыныс жасалды. 2019 жылғы 29 наурыздағы қала мәслихатының шешімімен «Құрметті азамат» атағын беру ережесі бекітілген. Ережеге сәйкес қала әкімдігіне түрлі мекемелерден, ұйымдардан ұсыныс түсіп, қала депутаттарының қолдауымен қалаға айрықша еңбек сіңірген 10 азамат «Шымкент қаласының «Құрметті азаматы» мәртебесіне ие болды.

Қағидаға сәйкес «Құрметті азамат» атағы жылына бір рет салтанатты түрде 10 адамға дейін беріледі. Бұл атаққа қаламызға айрықша еңбегі сіңген, оның ішінде экономиканы, әлеуметтік саланы, ғылым мен білімді дамытуға үлес қосқан, мемлекеттік және қоғамдық қызметте жетістігі бар, шығармашылықта, бизнесте, спортта, қайырымдылық шараларында белсенділік танытып, жемісті жұмыс жасаған азаматтар ие бола алады.

Атақты беру туралы шешімді Шымкент қаласының мәслихаты қала әкімінің ұсынысымен қабылдайды.

Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша Шымкент қаласы әкімдігінің жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ведомствааралық комиссиясының дербес құрамының және Шымкент қаласы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиясының дербес құрамының кадрлық ауыс-түйістер болуына байланысты қала мәслихатының шешімдеріне өзгерістер енгізілді.

Сондай-ақ, жиында 2018 жылы ашылған «Шымкент - адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жұмыс жоспары тыңдалды.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.