Жаңашылдық – қауіпсіздік үшін Избранное

Среда, 19 Июнь 2019 05:45 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 370 раз

Шымкентте 3D үлгідегі жаяу жүргіншілер жолы пайда болды. Қазақстан бойынша алғашқы жаңа үлгідегі жолақ Айбергенов көшесінде сызылды.

3D жолақ 5

Бұған дейін бұл жерде әдеттегі жолақ болатын.
Бұл ерекше жүргіншілер жолын салу бастамасын көтерген «Shymkent» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ Басқармасының төрағасы Рашид Аюповтың айтуынша, үш өлшемді таңба идеясын шетелдік іс-сапардан алған.

– Шымкент - жол қозғалысы өте қарқынды қала. Осы орайда жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігі маңызды. Алдағы уақытта бұл учаске жүргізушілер назарын өзіне аудартатын ерекше қосымша белгі болады деп үміттенемін. Мұндай тәжірибелер басқа елдерде қайғылы оқиғалар санын бірнеше рет қысқартуға мүмкіндік берді, - деді Р.Аюпов.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Директор – Бахтияр Тайжан. Қоғамдық-саяси газет облыс, қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.