Білікті мамандар – ел экономикасының еңселі күші

Среда, 19 Июнь 2019 05:54 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 152 раз

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» мақаласында еліміздің ары қарай дамуына, әлемдегі экономикасы дамыған 30 елдің қатарына қосылу, алға қойған мақсаттарымызға жету жолы баяндалады.

Бұл бағдарламалық мақалада аталып өткен аса маңызды екі үдеріc – саяси реформа мен экономикалық жаңғыру.
«Рухани жаңғыру» бағдарламасында жастардың білім алуы мен алдыңғы қатарлы мемлекеттердің озық тәжірибелерін оқу үрдісіне енгізу бағытында атқарылуы тиіс жұмыстар мұқият сараланып айтылған.

Қазіргі таңда қалыптасқан тәжірибе ауыл шаруашылығы саласы және азық-түлік нарығын реттеуде мемлекеттің рөлін арттыруды талап етеді. Бұл салаларда мемлекеттік реттеу мен қолдаудың қажеттігі мынадай жағдайлармен байланысты: табиғат-климаттық әсер ету; экономиканың өзге салаларына қарағанда ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері монополизациясының төмен деңгейі; ауыл шаруашылығы өнімдері бағасының тұрақсыздығы және т.б.

Мемлекет халықты қолжетімді бағадағы азық-түлікпен қамтамасыз ету; отандық ауыл шаруашылығы өнімдері өндірісін қолдау; ауыл шаруашылығы өнімдерінің импорты мен экспортын реттеу; ішкі аграрлық азық-түлік нарығына мемлекеттік протекционизмді енгізу; нарықтық инфрақұрылымын және ақпараттық қамтамасыз етуді дамыту секілді міндеттерді шешуді қамтамасыз етеді.

Елбасы Н.Назарбаев «Қазақстан-2050» стратегиясы - қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында ел экономикасын дамытудың бір жолы ауыл шаруашылығын жаңғырту екенін айтқан болатын. Елбасы ауыл шаруашылығы өнеркәсібінде сілкінісжасау толықтай қолымыздан келетінін, ал ол үшін бізге жаңа сипаттағы мемлекеттік ой-сана қажет болатынын атап өтті.

Қазіргі таңда Қазақстанда шамамен 7,48 млн адам немесе халықтың 45 пайызы ауылды жерде тұрады. Ауылда туып, туған жердің қадірін білетін әр азамат үшін өңірлердің жаңа заман ағымынан қалып қоймай, өркендеп дамуы аса маңызды мәселелердің бірі екені анық. Әлемдік деңгейде халықты азық-түлікпен қамту өзекті мәселеге айнала бастаған шақта сапалы әрі экологиялық таза ауыл шаруашылығы өнiмдерiн өндіруге баса маңыз беріліп отыр.

Елбасы біздің алдымызда әлемдік азық-түлік нарығының көшбасшысы болу және ауыл шаруашылығы өндірісін арттыру мақсаты тұрғанын атап өтті. Ол үшін егістік алаңын ұлғайту, жаңа технологиялар енгізу есебінен егістік түсімін елеулі көтеру, әлемдік деңгейдегі мал шаруашылығы жем-шөп базасын құру үшін үлкен әлеуетке ие болу міндеттерін алға қойды.

Ауыл шаруашылығы қашан да ел экономикасының драйвері. Елбасы Н.Назарбаев халыққа Жолдауында «Агроөнеркәсіп кешені экономиканың жаңа драйверіне айналуы тиіс» деген болатын. Осыған орай агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы әзірленді.

Г.Елібаева,
М.Әуезов атындағы
ОҚМУ «Агротехнология»
кафедрасының аға оқытушысы, б.ғ.к

Б.Мұрзабаев,
«Агротехнология» кафедрасының
аға оқытушысы, а.ш.ғ.к.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Директор – Танат Алибеков. Қоғамдық-саяси газет облыс, қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.