Версия для печати

Әдеп нормасы – мемлекеттік қызметкердің бет-бейнесі

Среда, 19 Июнь 2019 05:57 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 2735 раз
Оцените материал
(0 голосов)

Мемлекеттік қызмет атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім білдіру болып табылады және мемлекеттік қызметшілердің моральды-әдептілік бейнесіне жоғары талаптар қояды.

Қоғам мемлекеттік қызметші өзінің барлық күш-жігерін, білімі мен тәжірибесін кәсіби қызметіне жұмсайды әрі Қазақстан Республикасына қалтқысыз, адал қызмет етеді деп сенеді.

Мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексі ҚР Конституциясына, «ҚР мемлекеттік қызметі туралы» «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР заңдарына, жалпы қабылданған моральдық-әдептілік нормаларына сәйкес мемлекеттік қызметшілердің моральдық-әдептілік бейнесіне қойылатын талаптарды, сондай-ақ олардың мінез-құлқының негізгі стандарттарын белгілейді.

Аталған кодекс халықтың мемлекеттік органдарға сенімін нығайтуға, мемлекеттік қызметте өзара қарым-қатынастың жоғары мәдениетін қалыптастыруға және мемлекеттік қызметшілердің әдепсіз мінез-құлық жағдайларының алдын алуға бағытталған.

Мемлекетік қызметшілер мемлекеттік қызмет немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат саласында болып жатқан өзгерістердің мәнін әртүрлі себептерге байланысты, мысалы негізгі қызмет бағыты бойынша жүктеменің көптігімен, арнайы заң білімінің болмауы себебімен және т.б. себептермен толық түсіне бермеуі мүмкін.

Осыған орай мемлекеттік қызмет туралы, сыбайлас жемқорлыққа іс-қимыл туралы заңнама және Әдеп кодексі талаптарын сақтау мәселелері бойынша мемлекеттік қызметшілерге консультативтік көмек көрсету әдеп жөніндегі уәкілге жүктелген негізгі функциялардың бірі. Консультативтік көмек жеке бағытталған жұмыс саналады және мемлекеттік қызметші жеке қабылданады, әңгімелесу жүргізіледі.

Шымкент қаласы мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің Әдеп жөніндегі уәкілі туралы ақпарат баршаға көрінетін жерде (яғни аты-жөні, фотосуреті, кабинет нөмірі, телефондары туралы мәліметтер) ғимаратқа кіре берісінде орналастырылған. ҚР Қаржы министрлігінің «Рухани жаңғыру» «Өзгерістерді өзіңнен баста» бағдарламасын іске асыру шеңберінде департаменттің қызметкерлері қоғамдық-мәдени іс-шараларға қатысып отырады.

Ұлттық мерекелер департаменттің ұжымы арасында атап өтіледі. Осы іс-шараның өзі ұжымдағы моральдық-психологиялық жағдайға, қызметкерлер арасындағы жақсы қарым-қатынас орнауға әсерін тигізетіні сөзсіз.

Сондай-ақ, Әдеп жөніндегі уәкілдердің қызметін одан әрі жетілдіру мақсатында, ҚР Қаржы министрлігінің Әдеп жөніндегі уәкілінен «Рухани жаңғыру» «Өзгерістерді өзіңнен баста» бағдарламасын іске асыру үшін мемлекеттік қызметшілер арасында оқуға ұсынылатын әдебиеттер тізімі жолданды.

Әдебиеттер тізімі әрбір мемлекеттік қызметкердің назарына жеткізілді және де әдеп нормаларының бұзушылықтарының алдын алу бойынша тиісті шаралар қабылдау үшін әрбір мемлекеттік қызметшінің әдеп қағидаларын сақтау міндеттілігі туралы жеке парасаттылық декларациясымен таныстырылды.

Әдеп жөніндегі уәкілдің жұмыс жоспарына сәйкес биыл ұжымның тарихи-мәдени орталықтарға, кітапханаларға баруы жоспарланып отыр. Әдеп нормаларының тәртібін сақтау қағидаларына негізделген және де моральдық-психологиялық ахуалды қалыптастаруға бағытталған іс-шаралар одан әрі жалғасады.

Г.НАМАЗБАЕВА,
Шымкент қаласы мемлекеттік мүлік
және жекешелендіру департаментінің
Әдеп жөніндегі уәкілі

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.