Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі Табыс пен тұрмыс сапасын арттыр» атты жолдауы

Среда, 19 Июнь 2019 09:38 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 453 раз

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бүгін жариялаған Қазақстан халқына «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты жаңа Жолдауын аса ден қоя тыңдадым. Онда мемлекет басшысы дағдарыс қыспаққа алып тұрған кезеңде халықтың әл-ауқатын әлсіретпей, тығырықтан шығу жолдарын нақты көрсете отырып, Ұлттық валютаға деген сенімді нығайту өте маңызды екендігін және бүгіннен бастап Қазақстан ДСҰ-ның толық құқықты мүшесі болғанын атап өтті. Әрине, әлемде дағдарыс дендеп тұрған кезеңде, халықтың алдағы уақытта жағдайы қалай болар екен?- деген сауал мені де мазалағаны рас. Бүгін сол сауалдардың жауабын елбасының өз аузынан естіп білдік. Мәселен, елбасының зейнетақы қаржысын бизнесті қаржыландыру үшін пайдалануды тоқтату керек,- деп айтқан ойын мен қолдаймын. Өйткені әр адам болашақта зейнетақымен қамтамасыз етілуіне алаңдайтыны сөзсіз. Бұдан бөлек бюджет саласында еңбек ететін қызметкерлер жалақысы 2016 жылдың қаңтарынан бастап өсетінін естіп қуанып жатырмыз. Әрине, Жолдауда көптеген мәселелерге қатысты межелі бағыт-бағдарлар сараланып, салмақты таразыланған. Елбасы айтқандай, «Әлемдегі ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылып, бай да қуатты елдермен иық түйістіру – мақсатымыз» болса, Жолдауда көрсетілген жолмен жүретін болсақ, қазақ елінің басына туатын ондай күннің де алыс емес екенін аңғарғандаймыз. Сонда ғана тәуелсіздігімізді баянды етіп, мәңгілік ел – Қазақ елі болатынымыз айдан анық. Жолдаудағы: «Санаулы күндерден кейін біз азаттық туын желбіреткен Тәуелсіз мемлекет атанғанымыздың 25 жылдығына аяқ басамыз. Бұл - Тәуелсіздікті нығайту жолындағы өлшеусіз еңбегіміздің ширек ғасырлық белесін қорытындылайтын мерейлі сәт. Тәуелсіздікті баянды ету - оған қол жеткізуден де қиын екенін біз осы жылдар ішінде көріп-білдік. Мемлекетіміздің тұғырын мызғымастай нығайту үшін бізге әлі талай күрделі, өтпелі көп бұралаң жолдардан өтуге тура келеді.

Ең жақсы жоспар - заман талабына бейімделген жоспар. Біз де заманның беталысына қарай межелерімізді белгілеп, жоспарларымызды нақтылап отыруымыз қажет. Біздің мақсатымыз - елі бақытты, жері гүлденген, қасиетті Отанымыз - Қазақстанды мәңгілік ел ету», - деген Елбасы сөздері әр қазақстандықтың қаперінде жүрер ізгі сөздер деп ойлаймын . 

Елбасының Қазақстан халқына дәстүрлі Жолдауында бүгінгі қоғамдағы аса маңызды мәселелерге баса назар аударылды. Елбасы өз сөзінде ұлттық теңгеміздің қазіргі дағдарыс кезеңіндегі маңызын арттыру мақсатында атқарылатын нақты іс-шараларды атап көрсетті. Сонымен қатар ел экономикасын одан әрі дамыту, халықтың әлеуметтік әл-ауқатын жақсарту жолдары, білім, ғылым саласы қызметкерлерінің еңбекақысы мен білім алушылардың шәкіртақысын, зейнетақыны белгіленген пайыздық мөлшерде көбейту т.б. мәселелер де қамтылды. Елдің ішкі экономикасын дамытуда отандық өнімдерге деген сұранысты арттыру жолдары да атап көрсетілді. Ең бастысы, бұл Жолдауда Қазақстанның болашақ даму жолының бағыт-бағдарлары айқындалып, халықтың әл-ауқатын жақсартудың нақты жолдары көрсетілді.

Шымкент қаласының Әділет департаменті

«Әкімшілік» бөлімінің жетекші маманы

Маматаева Майра Ауесбековна

/Шымкент қаласы/

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Директор – Бахтияр Тайжан. Қоғамдық-саяси газет облыс, қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.