«Құрметті азаматтар» марапатталды Избранное

Пятница, 21 Июнь 2019 04:07 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 3482 раз

Қала күніне арналған мерекелік кеште қала әкімі Ғ.Әбдірахымов он адамға «Шымкент қаласының құрметті азаматы» төсбелгісін тақты.
Сонымен, биылғы «Құрметті азаматтар» кімдер?

DSC 7112

1. Үмбеталиев Кеңес Үмбеталиұлы.
1932 жылы 20 қаңтарда ОҚО, Ордабасы ауданы, Ермоловка ауылында туған. «Авиценна» көпсалалы медициналық колледжі «Дене шынықтыру және алғашқы әскери дайындық» кафедрасының меңгерушісі.

2. Сатқанбаев Еркін Тұрниязұлы.
1953 жылы 6 сәуірде ОҚО-да туған. Шымкент қалалық ауыл шаруашылығы кооперативінің президенті, Шымкент қаласы мәслихатының депутаты.

3.Романова Наталья Сергеевна.
1957 жылы 19 шілдеде ОҚО, Шымкент қаласында туған. Шымкент қаласының білім басқармасының «Оқушылар сарайы» КММ директоры.

4. Хашимжанов Икрам Акрамұлы.
1957 жылы 22 қазанда ОҚО-да туған. Қазақстан Республикасының өзбектері этно-мәдени бірлестіктері «Достық» қауымдастығының төрағасы.

5. Сәрсенов Хайрулла Амантайұлы.
1959 жылы 28 сәуірде ОҚО, Шымкент қаласында туған. «ҚТЖ – жүк тасымалы» АҚ Шымкент филиалы кәсіподақ комитетінің төрағасы, Шымкент қаласы мәслихатының депутаты.

6.Омаров Абдурашит Керизбайұлы.
1961 жылы 27 мамырда Шымкент қаласында туған. «Ferrum – Vtor» ЖШС-нің құрылтайшысы.

7. Оспаналиева Рәшкүл Жәлелқызы.
1961 жылы 20 қазанда Жамбыл облысы, Шу ауданында туған. «Корпорация «Береке А» ЖШС бас директоры.

8.Төлбасов Серік Қарабекұлы.
965 жылы 17 қыркүйекте Қызылорда облысында туған. «TS Development» ЖШС құрылтайшысы және директорлар кеңесінің төрағасы.

9. Молдасеитов Қайрат Құсейнұлы.
1967 жылы 18 қаңтарда Жамбыл облысы, Қордай ауданында туған.«Отау Групп» компаниясының президенті, Түркістан облысы мәслихатының депутаты.

10. Айдарбеков Қайрат Нұртасұлы.
1989 жылы 25 ақпанда ОҚО, Түркістан қаласында туған. Қазақстан эстрадасының әншісі.

Мөлдір КЕНЖЕБАЙ

2012 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. 2014 жылы аталған факультеттің магистратурасын бітірген. Бұған дейін «Болашақ-Жасар», «ALASH» ұлт патриоттары жалғасы»  басылымдарында, «Жас қазақ» ұлттық апталығында жұмыс істеген. 2016 жылдың қараша айынан бастап «Шымкент келбеті» қоғамдық-саяси газетінің тілшісі. 

«Жастарға – Respect» қосымшасының редакторы.