Жастық шақтың аспаны

Пятница, 21 Июнь 2019 04:33 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 2935 раз

Тәуелсіздік саябағында балалар мен жасөспірімдерге арналған «Жастық шақтың аспаны» фестивалі өтті. Бұл іс-шара қалалық отбасы, балалар және жастар істері жөніндегі басқармасына қарасты Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Қала күні мерекесіне орай ұйымдастырылып отыр.

DSC 6895

Фестивальге жиналған қонақтар көкке көтерілген түрлі-түсті батпырауықтардың көрінісіне куә болды. Жастар ресурстық орталығының басшысы Нұрдәулет Тәңірбергеннің айтуынша, іс-шараға №3 және №4 балалар үйінің 100-ге жуық тәрбиеленушісі арнайы шақырылған.

Батпырауық фестивалін өткізуге 20-ға жуық кәсіпкер атсалысты. Бұл күні бүлдіршіндерге тегін балмұздақ пен батпырауықтар үлестірілді. Кішкентай балақайларды кәсіби аниматорлар мен қуыршақ театрының әртістері қуантса, зияткер жастар шахмат ойынынан сынға түсті. Мерекелік шараға жиналғандар әртүрлі шоуларды тамашалап, көтеріңкі-көңіл күйде тарқасты.

Другие материалы в этой категории: « ҰБТ басталды Полицей де пенде »