Айгүл Қапбарова – сенатор

Среда, 26 Июнь 2019 06:21 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 3541 раз

Шымкент қаласында ҚР Парламенті Сенатының шығып қалған депутатының орнына сайлау өтті. Сайлауда қалалық мәслихаттың 27 депутаты үміткер ретінде тіркелген 3 кандидаттың арасынан өз таңдауын жасады.

А.Қапбарова-3

Республикалық маңызы бар қала мәртебесін иеленген Шымкент қаласынан Сенатқа депутаттыққа ұсынылған үміткерлер қатарында «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС директоры-бас редакторы Айгүл Қапбарова (қала мәслихатының ұсынуымен), сондай-ақ, өзiн-өзi ұсынған №45 мектеп-гимназияның директоры Рамиля Искандерова және «Жанубий Қозоғистон» газетінің бас редакторы Әлішер Сатвалдиев болды.

Сайлау қорытындысы бойынша Айгүл Қапбароваға 23 депутат дауыс берді. Сайлау барысында барлық заң рәсімдері сақталды. Заң талаптарына сəйкес, Орталық сайлау комиссиясы 7 күннен соң шешімін шығарып, депутатқа тиісті мандатын береді.

Айгүл Қапбарова 1975 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Келес ауданы, Абай ауылында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған.

«ҚР Тәуелсіздігіне 20 жыл», «Қазақстан Конституциясына 20 жыл», «ҚР Тәуелсіздігіне 25 жыл», «Астананың 20 жылдығы» мерейтойлық медальдарымен, «Шымкент қаласына қосқан ерекше үлесі үшін» төсбелгісімен, сондай-ақ ҚР
Президентінің Алғыс хатымен марапатталған.

Айгүл Жарылқасынқызы еңбек жолын 1997 жылы облыстық телерадиокомпанияның редактор-тілшісі болып бастаған. Одан кейін 2003-2011 жылдары «Оңтүстік Қазақстан» газетінің саясат бөлімінің меңгерушісі, 2011-2012 жылдары «Шымкент Медиа» МКК директоры-бас редакторы болып істеді. 2012 жылдың наурыз айынан бүгінге дейін «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС директор-бас редакторы қызметін абыроймен атқарды.

Еске салсақ, бұған дейін Парламент Сенатының депутаты лауазымын атқарған Дархан Сатыбалды ҚР Президентінің 2019 жылғы 18 наурыздағы Жарлығымен Өзбекстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елші болып тағайындалған еді. Орталық сайлау комиссиясы 2019 жылдың 19 наурызында Д. Сатыбалдының Сенат депутаты ретіндегі өкілеттілігін тоқтату қаулысын қабылдаған болатын.

Сәбит ТАСТАНБЕК

Л. Гумилев атындағы ЕҰУ-дің "Журналистика" мамандығын (2004-2008) тәмамдаған. Алматы қаласында Отан алдындағы әскери борышын (2008-2009) өтеген. Республикалық «Sport», «Қазақ спорты» газеттерінде және Шымкент қаласы әкімдігінің ресми сайтында тілші болып еңбек еткен. 2013 жылдан бастап «Шымкент келбеті» газетінің тілшісі, 2016 жылдың ақпан айынан 2018 жылдың ақпан айына дейін Бас редактордың орынбасары болып істеген.