Жастар саясаты жөніндегі кеңесте – жаңа мүшелер

Пятница, 28 Июнь 2019 04:32 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 2606 раз

Шымкент қаласы мәслихатының кезекті елу бірінші сессиясы өтті. Қала әкімінің орынбасары Гүлжан Құрманбекова қатысқан сессия отырысында жалпы 22 мәселе қаралып, депутаттар тарапынан қолдау тапты.

сессия

Атап айтқанда Шымкент қалалық білім, сәулет және қала құрылысы, мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау, жер қатынастары және жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасының есебі тыңдалып, депутаттар шешім жобасын бірауыздан қолдады. Барлық мәселе мәслихаттың фракциясында егжей-тегжейлі талқыланған.

Жиында «2019-2021 жылдарға арналған Шымкент қаласының бюджеті туралы», «Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жобаларының тізбесін бекіту туралы» мәслихат шешіміне өзгеріс енгізілді.

Сессияда, сондай-ақ, қала әкімдігі жанындағы жастар саясаты жөніндегі кеңеске жаңа мүшелер қабылданды. Оған қалалық ішкі саясат және дін істері басқармасының басшысы М.Базарқұлов, білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы А.Текебаева, кәсіпкерлік және спорт саласының бірқатар белсенді жастары енді.

Тағабай ҚАСЫМ

Л. Гумилев атындағы ЕҰУ-дің 2010 жылғы түлегі. 2012-2013 жылдары облыстық «Оңтүстік Рабат» газетінің, 2014-2016 жыл аралығында республикалық «Спорт» газетінің тілшісі қызметін атқарды. 2013 жылдың тамыз айынан бері «Шымкент келбеті» газетінде тілші болып жұмыс істейді.