Шымкентте «Sóıle: Sen tur - men aıtaıyn» конференциясы өтеді

Вторник, 02 Июль 2019 12:03 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 363 раз

2019 жылдың 5 шілдесі күні сағат 11:00-де Жастар ресурстық орталығында TED-х форматындағы «Sóıle: Sen tur - men aıtaıyn» конференциясы өтеді. Конференцияның басты мақсаты: қала жастарының белсенділігін, олардың білім сапасын арттыру. Өз ойын ашық әрі жетік жеткізе алатын аудиторияны даярлау.

 

 

Афиша

 

 

Конференция модераторы: Шымкент қаласындағы TED-x конференциясының лицензианты - Айжан Ергешова. Спикерлер қатарында «Болашақ» бағдарламасының түлегі Ерасыл Төлебаев, Шымкент қаласы бойынша соттар әкімшісінің басшысы Нұрсұлтан Байтілес, «Kzhol Shymkent» оңалту орталығы басшысының орынбасары Айгерім Жұмағалиева, Жастар ресурстық орталығының басшысы Нұрдәулет Тәңірберген, Әйелдерге арналған «Ажыраспа» блогының авторы Айна Досқызы және т.б. бар.

 

Қатысушы спикерлер әртүрлі тақырыпта өз ойларымен бөліседі. Әр спикерге 18 минут уақыт беріледі.

 

Айта кететін тағы бір жәйт, 2019 жылдың күз мезгілінде қаламызда алғаш рет TEDxOrdabasySquare өту жоспарлануда. Осыған орай «Sóıle: Sen tur - men aıtaıyn» конференциясының оза шапқан спикері TEDxOrdabasySquare шарасына жолдама алады.

 

Мекенжайы: Шымкент қаласы, Жастар ресурстық орталығы (Түркістан көшесі, 1 үй). Өтетін күні: 5.07.2019. Уақыты: 11:00

Последнее изменение Вторник, 02 Июль 2019 12:09
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Директор – Бахтияр Тайжан. Қоғамдық-саяси газет облыс, қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.