Версия для печати

Инвестиция – өндіріс дамуының негізі Избранное

Среда, 03 Июль 2019 04:08 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 2515 раз
Оцените материал
(0 голосов)

Шымкенттегі «Химфарм» АҚ-да заманауи білім беретін жаңа орталық ашылды.

Akim 3

Орталықтың салтанатты ашылу рәсіміне қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов қатысты.

– «Химфарм» компаниясының тарихы жетістіктерге толы. Мен біздің мегаполисте жаңа кәсіпорындар ашылып, олар заманауи талаптарға сай болғанын, қала және ел экономикасының дамуына өзіндік үлес қосқанын тілеймін. Жуырда Үкімет басшысы жиналыс өткізіп, онда өндірісін жаңғыртқан және цифрлық үрдіске бет алған компаниялар туралы айтылды. Олардың арасында SANTO компаниясы да бар. Бұл – біздің қала үшін үлкен мәртебе, - деді қала әкімі.

Орталықтың ашылуына 100 миллион теңгеге жуық қаржы жұмсалған. Мұндағы негізгі мақсат – компания мамандарының біліктілігін арттыру. Бұл орталықта, сондай-ақ, IT технологиялар, автоматтандырылған метрология және технологиялық процестерді басқару саласындағы колледждер мен жоғары оқу орындарының студенттері оқытылады. Осылайша компания басшылары тұрақты дамуды нақты мақсат етіп отыр.

– Қазақстанның болашағы үшін тек технологияларға ғана емес, өнер мен мәдениетке инвестиция тарту да маңызды. Осыған орай біздің компания да «Ғылым мен өнердің коды» атты байқау мен балалардың көркемсурет конкурсын жариялаған болатын. Екі байқаудың жеңімпаздары да марапатталады, - деді StapakFamiliFoundatiuon қорының президенті Эльжбета Джиковска.

Айта кетейік, SANTO компаниясы бүгінгі таңда Қазақстандағы фармацевтикалық өндірушілердің арасында жетекші орынға ие. Компания дәрі-дәрмектер мен медициналық препараттар шығарып, нарыққа ұсынып отыр. 240-тан астам дәрілік заттар шығарылатын компания өнімдері ішкі нарыққа және Ресей, Украина, Қырғызстан, Моңғолия, Өзбекстан, Түркменстан мен Тәжікстан елдеріне жіберілуде.

Арман СӘДУӘЛІ

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.