Версия для печати

Шымкент әкімдігі Арыстағы үйлерді қалпына келтіруде Избранное

Пятница, 05 Июль 2019 04:34 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 3211 раз
Оцените материал
(0 голосов)

Шымкент қаласының əкімі Ғабидолла Əбдірахымов және Шымкент қаласы мәслихатының хатшысы Ғани Ташқараев Арыс қаласына барды. Сапар барысында қала әкімі Арыс қаласын қалпына келтіру штабында болып, Шымкентке тиесілі секторда атқарылатын жұмыстармен танысты.

Арыста 1

– Шымкент қаласына №10 сектор бөлінген. Жалпы біздің секторда 600-ге жуық үймен қоса әлеуметтік маңызы бар мектеп, балабақша, аурухана сияқты нысандар бар. Олардың сметасы толық жасалып, жөндеу жұмыстары басталып кетті. Құрылыс жұмыстары менің тұрақты бақылауымда, ол алдағы бір айда толық аяқталады, - деді Ғ.Əбдірахымов.

Еске салсақ, Арыс қаласы мен қала маңында 8867 үй бар. Соның 6127 үйі жарылыстан зардап шеккен. 27 үй толықтай қайтадан салынады. Қазіргі таңда Арыс қаласы 17 секторға бөлінген. Бұл секторлардағы жөндеу жұмыстарына республиканың 16 облысынан және Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларынан 170 арнайы бригада келіп, 1194 құрылысшы іске кірісті.

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Бауыржан Мамыталиевтың айтуынша, Арыс қаласындағы Шымкентке тиесілі секторда үйлерді қалпына келтіру жұмыстары қызу жүргізілуде.
– Штаб туралы айтсам, мұнда қала әкімдігінің 22 маманы жұмыс істейді. Сектор тұрғындары бізге кез келген сауал бойынша жүгіне алады. Өзім күнде штабқа келемін.

Біздің қарауымызға берілген секторда 644 үй бар. Солардың 574-і жөндеуді қажет етеді. 6 ірі компания айқындалды. Компаниялар барлық зақымдалған үйді тексеріп, өлшеп шықты. Солардың 90 қызметкері қалпына келтіру жұмыстарына кірісті, - деді әкімнің орынбасары.

Б.Мамыталиевтың баяндауынша, онда таяу уақытта құрылысшылар санын 500-ге жеткізу көзделіп отыр. Әр көшеге жауапты мердігердің және оның телефон нөмірі көрсетілген билбордтар ілінген. Тұрғындар қандай да бір сауалмен мердігерге тікелей хабарласа алады.

Сәбит ТАСТАНБЕК

Л. Гумилев атындағы ЕҰУ-дің "Журналистика" мамандығын (2004-2008) тәмамдаған. Алматы қаласында Отан алдындағы әскери борышын (2008-2009) өтеген. Республикалық «Sport», «Қазақ спорты» газеттерінде және Шымкент қаласы әкімдігінің ресми сайтында тілші болып еңбек еткен. 2013 жылдан бастап «Шымкент келбеті» газетінің тілшісі, 2016 жылдың ақпан айынан 2018 жылдың ақпан айына дейін Бас редактордың орынбасары болып істеген.