Есілдің бойы... Елорда тойы ... Избранное

Пятница, 05 Июль 2019 04:40 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 288 раз

Биыл елордамыз – Нұр-Сұлтан қаласы 21 жылдығын тойлауда. Елорда – Қазақстанның динамикалық дамып келе жатқан жаңаруының, Тәуелсіз республикамыздың нышаны. Барлық салалар бойынша даму жолына бет түзеген шоқтығы биік шаһар.

8

Дамуға – жаңа серпін

Бас қаламыз Тәуелсіз еліміздің шынайы бет-бейнесіне, халқымыздың мақтанышына айналды.

2019 жылғы 23 наурыздағы Мемлекет басшысының Жарлығымен Астана қаласы Қазақстан Республикасының астанасы – Нұр-Сұлтан қаласы деп қайта аталды. Шын мәнінде, 21 жыл ішінде бас қала өзінің даму жолын айшықтап, адамзат баласы аңсаған өркениет көшіне ұмтылуда. Әлеуметтік-экономикалық жағдайымен, сәулет өнерімен, жаңа технологиясымен де. Тарихи тұрғыдан аз уақыт ішінде шағын қала ірі мегаполиске айналды.

Елорда – бүгінде мәдениет, білім-ғылым, сауда-өнеркәсіп және қаржы орталығы. Елбасы есімін иеленуіне байланысты қала одан әрі дамуға жаңа серпін алды. Жаңа елорда қысқа мерзім ішінде жалпыұлттық идея мәртебесіне ие болып, жас мемлекеттің тәуелсіздігінің символына және жаhандық табысына айналғаны да ақиқат.

Қала төрт ауданнан – Алматы, Сарыарқа, Есіл және Байқоңыр ауданынан тұрады. Қазіргі уақытта қаланы дамыту үшін қабылданған бағдарламалар жүзеге асырылуда. Экономикалық көрсеткіштер жақсы. Шағын және орта бизнес, сондай-ақ өндіріс көлемі артып келеді.

Елорда тойы – елдіктің тойы. Биыл Нұр-Сұлтан қаласының күніне орай шамамен 108 іс-шара өтеді, оның 80-нен астамы тегін. Билет сатудан түскен қаржы Арыс қаласының зардап шеккен тұрғындарына арналған көмек қорының шотына аударылатыны да мәлім болды. Мерекелеу аясында өтетін ақылы концерттер мен театрландырылған қойылымдардың билеттерін сатудан түскен қаржы қайырымдылық мақсаттарға жұмсалмақ.

Шымкент Нұр-Сұлтаннан үлгі алады

Нұр-Сұлтан – еліміздің өзге қалалары үшін бағдаршам іспетті. Бүгінде ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бес жылдық кезеңге (2019–2023 жылдарға) қаланың жинақы құрылысы жөніндегі Кешенді жоспарын іске асыру тапсырмасы орындалуда.

Таяуда ғана Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев астананы абаттандыру жұмыстарына тың серпін беруді тапсырды.

«Астана» Халықаралық қаржы орталығы алдында Нұр-Сұлтан қаласының экономикасын дамытудың драйверлерінің біріне айналу міндеті тұр. Қазіргі таңда шаһарда жол-инфрақұрылымын дамыту бойынша LRT құрылысы жүргізілуде. Қаланың жаңа жол жүйесі саналатын LRT құрылысы жаңа әуежайдан теміржол вокзалына дейінгі аумақты қамтиды.

2

2016 жылы басталған нысан құрылысты жыл соңына дейін аяқтау көзделуде. Жобаның негізгі мақсаты – қоғамдық көлік саласын жүйелі дамыту.

– Кез келген мемлекеттің астанасы ел және Үкімет басшылығының жіті назарында болады. Елорда әкіміне зор жауапкершілік жүктеледі. Еліміздің қонақтары, ең алдымен, Қазақстанның астанасына келеді. Бас қаланың даму деңгейіне қарап, жалпы мемлекеттің даму барысын бағалауға болады. Ел басшылығы және Үкімет Сіздің жұмысыңызға қолдау көрсетеді.

Көп жұмыс атқарылуы тиіс. Елорда тұрғындары тарапынан қала басшылығына әрдайым жоғары талаптар қойылады, - деді Елбасы таяуда елорда әкімін қабылдаған сәтінде.

Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігіне шетелдік инвесторлардың келуіне жағдайды жақсартып, соның ішінде қолайлы өмір сүруді, қауіпсіз ортаны және алдыңғы қатарлы халықаралық стандарттар деңгейінде әлеуметтік қызметтерге қолжетімділікті қамтамасыз ету қажет.

«Еуразияның қақ ортасындағы қаланың модернизациялық миссиясы мол. Мұнда жаңа кеңістік, жаңа координаттар жүйесі, жаңа уақыт пайда болды. Бұл жалпы жаңару мен жаңа тәртіптің пайда болуына серпін береді. Бүгінде әлемге үйлесім, даму және ынтымақтастық қажет. Сондықтан елордалық шығаратын ізгілік пен қазақстандық құндылықтардың нұры бүкіл планетаға тарайды және ризашылыққа ие болады».

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев елорданың 20 жылдық мерейтойына арналған өзінің бағдарламалық сөзінде осылай деген еді.

Өндірісі өркендеген қала

9 қаржы орт

Елорда осынша уақыт ішінде бірқатар жетістіктерімен ерекшеленді.
Қалада 2018 жылы өнеркәсіп өнімінің көлемі 601,7 млрд теңгеге жеткен. Оның ішінде өңдеу өнеркәсібі – 83,9 пайыз. Негізгі капиталға бағытталған инвестиция көлемі 1 056, 7 млрд теңге.

Тағы бір елеулі жетістігі – елдің жалпы ішкі өнімінің 10%-ы Нұр-Сұлтан қаласының үлесіне тиесілі.
2019 жылдың 1 мамырындағы жағдай бойынша әрекеттегі шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 128,5 мыңға жетіп отыр. Шағын және орта бизнес саласындағы жұмыспен қамтылғандардың саны – 363,2 мың адам.

Нұр-Сұлтан қаласы ҚР аймақтарының бәсекеге қабілеттілік – 2018 рейтингінде 1-орынға ие. Елорда – негізгі теміржол және автокөлік магистральдері өтетін ірі көлік торабы. Қазақстанның және Еуразия континентінің заманауи әуежайларының бірі –Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы. Тәулік сайын 140 рейс ұшып келеді және ұшып кетеді. Жылына жолаушыларды өткізу мүмкіндігі – 8,2 млн адам.

Нұр-Сұлтан қаласы – инвестицияларды тарту үшін үлкен экономикалық, көлік, адами әлеуетке ие болып отырған қарқынды дамушы қала және заманауи мегаполис. 20 жылдың ішінде қала әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі көрсеткіштерінің тұрақты өсуін көрсетіп отыр. Нұр-Сұлтан қаласы дамыған өнеркәсіптік сектор, ондағы өндіріс көлемі 573,9 млрд теңгеге жетті.

20 жыл ішінде негізгі капиталға қосынды инвестиция көлемі шамамен 8 трлн теңгеге жетті. Ал 2018 жылғы қаңтар-желтоқсанда инвестиция көлемі 1 057 млрд теңгені құрады.

– Халық саны - 1 094 396 адам. (2019 ж. 01.05. есеп)
– Қала аумағы - 797,3 мың шаршы метр.
– Қалада 7 сарай,
– 7 концерт залы,
– 5 музей,
– 7 театр,
– 20 кітапхана,
– 1 цирк,
– 8 кинотеатр,
– 8 мәдениет және демалыс саябағы бар.

Последнее изменение Пятница, 05 Июль 2019 04:49
Тағабай ҚАСЫМ

Л. Гумилев атындағы ЕҰУ-дің 2010 жылғы түлегі. 2012-2013 жылдары облыстық «Оңтүстік Рабат» газетінің, 2014-2016 жыл аралығында республикалық «Спорт» газетінің тілшісі қызметін атқарды. 2013 жылдың тамыз айынан бері «Шымкент келбеті» газетінде тілші болып жұмыс істейді.