Айгүл ҚАПБАРОВА Ант қабылдады Избранное

Пятница, 05 Июль 2019 04:49 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 506 раз

ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында жаңа сайланған депутат Айгүл Қапбарованың ант беру рәсімі өтті. ҚР Парламенті Сенатының төрайымы Дариға Назарбаева Айгүл Жарылқасынқызының алдағы жұмысына сәттілік тіледі.

СЕНАТ АНТ БЕРУ

– Құрметті әріптестер, Шымкент қаласынан Айгүл Жарылқасынқызы Қапбарова Сенат депутаты болып сайланып, қатарымызға қосылды. Мінекей, қазақтың әдемі қызы, оңтүстіктен келген. Менің ұсынысымды қабылдады. «Әйел кісі жіберіңіздер» дегенмін. Шымкент қаласының әкімдігіне, мәслихатқа көп рахмет айтамыз.

Айгүл Жарылқасынқызын құттықтаймыз. Депутаттық қызметіне табыс тілейміз, - деді Д.Назарбаева.
Осыдан кейін Айгүл Қапбарова мінберге шығып, ант берді.

– Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының тұтастығы мен Тәуелсіздігін нығайтуға, оның Конституциясы мен заңдарына қатаң бағынуға, депутаттың өзіме жүктелген мәртебелі міндеттерін адал атқаруға ант етемін!, - деді А.Қапбарова.

Сенаттың жалпы отырысы депутаттың әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінде жұмыс істеу жөніндегі өтінішін қарап, бірауыздан қабылдады.
А.Қапбарова, сонымен қатар, Сенаттың тұрақты комитетінің құрамына сайланды.