Қайырымдылық жалғасуда Избранное

Пятница, 05 Июль 2019 04:56 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 2707 раз

Шымкент қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы қоғамдық келісім кеңесінің кезекті отырысы өтті.

Жиынға ҚХА хатшылығы, «Қоғамдық келісім» мекемесі қызметкерлері және этномәдени бірлестіктердің төрағалары қатысты.
Күн тәртібінде арыстықтарға көрсетіліп жатқан көмек, «Жақсылық жаса» жобасы аясында еріктілер тобын құру мәселелері қаралды.

– Қазақстан халқы Ассамблеясы еңселі елдік пен берекелі бірлік сынға түскен қиын кезеңде Арыстағы ағайынға барынша қолдау көрсетіп, қол ұшын берді. Еліміз бойынша күні бүгінге дейін жалпы құны 54 841 227 теңгені құрайтын көмек берілді.

Бұл жұмыстарға алғашқы күндерден қалалық, облыстық корей, славян, ұйғыр, өзбек, түрік, татар-башқұрт этномәдени бірлестіктері белсене қатысты, - деді Шымкент қалалық ҚХА төрағасының орынбасары, штаб жетекшісі Мұратәлі Қалмұратов.

«Қоғамдық келісім» мекемесінің бөлім басшысы М.Бесбаев «Ерікті. Өлшеусіз. Риясыз» акциясы аясында этномәдени орталықтарды ерікті ретінде арыстықтарға көмекке баруға шақырды.
Басқосу соңында қайырымдылықты, рухани бірлікті, достық пен этносаралық ынтымақтастықты нығайтуға қосқан үлесі үшін бірқатар БАҚ өкілдеріне Алғыс хат табысталды.

Айгүл КЕРІМҚҰЛОВА

2004жылы ОҚГА журналистика факультетін бітірген. Еңбек жолы «Шымкент келбеті» газетінде басталған. «Ұстаз жаршысы», «Денсаулық құпиясы», «Оңтүстік Рабат» газеттерінде, «Отырар» телеарнасында жұмыс істеген. 2017 жылдың тамыз айынан бастап  қалалық «Шымкент келбеті» саяси-қоғамдық газетінің тілшісі.