Астанаға – арман қуып...

Пятница, 05 Июль 2019 05:12 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 2891 раз

Нұр-Сұлтан – арман қала. 1998 жылы ел астанасы атанғасын қаланы дамытуға, гүлдендіруге еліміздің түкпір-түкпірінен жастар ағыла бастады. Солардың қатарында шымкенттік жастар да болды.

Қанат ХАМЗИН, ҚР Қаржы министрлігінің Қаржы мониторинг комитетінің бас сарапшысы:

канат

– 2005 жылы шырайлы қаладан Нұр-Сұлтанға жастық жалынмен, жас қаланы көруге деген ынтық сезіммен аттандық. Жаңа қоныстанушылардың алғашқы легі негізінен Елбасының идеясын іске асыруға атсалысу үшін «атқа қонған» мемлекеттік қызметшілер болды. Солардың қатарында мен де Астанадағы халыққа қызмет көрсету орталығына жас маман болып жұмысқа орналастым.

Отбасыммен қоныс аударған бізге әу бастан жаңа қалаға, жаңа ортаға, әсіресе, табиғатына үйренісу оңай болған жоқ. Дегенмен, сол жылдарда астанаға ат бұрушы жастарда рух мықты болды. Оның үстіне Нұр-Сұлтан қаласы күн сайын жаңарып, жасарып, аз уақыттың ішінде сәулетті шаһарға бой түзеп келе жатты.

Бүгінде Нұр-Сұлтан әлем таныған сәулетті де сәнді қалаға айналды. Ал бұл жылдарда мен де сот, салық саласында тәжірибе жинақтап үлгердім. Қазір қаржы министрлігінде қызмет етемін. Осы әсем қалада ұлдарым дүниеге келді.

Астана маған өзімді өзім тануға есігін ашты, мен мүлдем басқа деңгейге көтерілдім. Сондықтан жастарға білім алуда, тәжірибе жинақтауда, өмірлік тұрғыда шыңдалуда үлкен қалалардың даңғыл жол болатынын айтқым келеді.

Шымкент үшінші мегаполис қала атанғанын естігенде бойымды мақтаныш сезімі биледі. Қаланың күн санап ажарланып келе жатқанын біліп, әрбір жақсы жаңалыққа қуанып отырамыз. Сондықтан қай қалада туып, қай қалада өмір сүріп жатсақ та еліміздің өркендеуіне өз үлесімізді қосуға шақырамын.

Айгүл КЕРІМҚҰЛОВА

2004жылы ОҚГА журналистика факультетін бітірген. Еңбек жолы «Шымкент келбеті» газетінде басталған. «Ұстаз жаршысы», «Денсаулық құпиясы», «Оңтүстік Рабат» газеттерінде, «Отырар» телеарнасында жұмыс істеген. 2017 жылдың тамыз айынан бастап  қалалық «Шымкент келбеті» саяси-қоғамдық газетінің тілшісі.