Версия для печати

Кәсіподақ өкілдері еңбеккерлермен кездесті Избранное

Среда, 10 Июль 2019 04:04 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 2406 раз
Оцените материал
(0 голосов)

«Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің өкілдері қаладағы ең ірі кілем өндірісімен айналысатын «Бал текстиль» кәсіпорнында болды.

кәсіподақ

Мұнда «Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау» тақырыбындағы семинар ұйымдастырылды. Бірлестік төрағасы Берік Бекжанов кәсіпорынның 50-ге жуық жұмысшысымен еркін форматта кездесу өткізді. Жұмысшыларға кәсіподақ ұйымының қоғамдағы орнын, ұйымның басты мақсаты – еңбек адамының құқығын қорғау екенін жеткізді.

Бұдан бөлек қауіпсіз еңбек жағдайын қамтамасыз ету, лайықты еңбекақыны белгілеу, жұмыс берушінің жұмыскерлердің алдындағы әлеуметтік жауапкершілігі жайында кеңінен мағлұмат берілді. Сонымен қатар Кәсіподақ ұйымында ашылған татуластыру орталығы арқылы еңбек дауларын, сотқа жүгінбей-ақ шешу мүмкіндіктері қарастырылғаны жөнінде баяндалды.

«Yntymaq» орта және шағын бизнес жұмыскерлерінің қазақстандық салалық кәсіподағы» республикалық қоғамдық бірлестігі Шымкент қалалық филиалының төрайымы Б.Ордабаева мекеме жұмысшыларына кәсіподақ ұйымына мүше болу жолдарын, ондағы артықшылықтар бойынша толық ақпарат берді.

Өз кезегінде «Бал текстиль» мекемесінің өндіріс басшысы Н.Қарақұлов осындай форматтағы кездесулердің маңыздылығын атап өтіп, мекемеге 30-дан астам жұмыскер қажет екенін, осы мәселеде қолдау көрсетуді сұрады.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.