Ел тірегі – Елорда Избранное

Среда, 10 Июль 2019 04:06 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 2597 раз

Шымкент тұрғындары Елорда күнін ерекше көңіл-күймен атап өтті. Шаһар аспанында ән мен күй әуеледі.

DSC 1282

Қала тұрғындары мен қонақтары Арбат демалыс аймағында өткен «Ел Астанасы – Нұр-Сұлтан» атты естен кетпес қызықтың куәсі болды. Салтанатты кешке қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов және Шымкент қаласы мәслихатының хатшысы Ғани Ташқараев қатысты.

Қала әкімі көпшілікті Елорда күнімен құттықтап, әлем бойынша ең жас қаланың 21 жыл ішінде бағындырған биік белестерін атап өтті. – Нұр-Сұлтан қаласы санаулы жылдар ішінде сәулеті мен дәулеті келіскен, ірі, ресми, мәдени, рухани орталыққа айналды. Бүгінде әлем Нұр-Сұлтан қаласын Қазақстанмен егіз ұғым ретінде танитын болды.

Ол барлық қазақтың символы деп айтар едім. Елбасы сіз бен бізге осындай керемет қала салып берді. Ендігі ел тұрғындарының әлеуеті жыл санап арта түседі. Шымкентті де үлкен өзгерістер күтіп тұр. Баршаңызды мерекемен құттықтаймын. Сіздердің қолдауларыңызды сезінемін! – деді қала әкімі.

DSC 1201

Мерекелік концертте «Нұр-Сұлтан» сазды хореографиялық композициясы ұсынылды. Еңселі Елордамызға арналған мерекелік іс-шара жиналған көпшілікке ерекше көңіл-күл сыйлады. Салтанатты жиын соңы Шымкент қаласының шығармашылық ұжымдарының мерекелік концерттік бағдарламасына ұласты. Өнерпаздар әннен шашу шашып, мың бұрала би билеп, мерекелік кештің көркін қыздырды.