Версия для печати

«Қазақстанның үздік тауары» көрмесі өтті Избранное

Среда, 17 Июль 2019 04:06 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 2302 раз
Оцените материал
(0 голосов)

Шымкенттегі «Көрме орталығы» ғимаратында «Қазақстанның үздік тауары» аймақтық көрме-байқауы және «Оңтүстік өнімдері» атты көрме-жәрмеңкесі өтті.

Көрмедегі байқау 2

Көрме-жәрмеңкеде Шымкент қаласындағы тамақ, фармацевтикалық, инженерлік, жеңіл және құрылыс индустриясы өнімдерінің 100-ге жуық отандық тауарөндіруші компания өз өнімдерін ұсынды.

Көрмені Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Гүлжан Құрманбекова, Шымкент қаласы «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы өңірлік кеңесінің төрағасы Қайрат Молдасейітов, Палата директоры Нұрлан Қабыштаев аралады. Көрме-жәрмеңкенің мақсаты – жергілікті өндірушілерді қолдау. Алғаш рет ондаған жаңа компаниялар да қатысуға өтініш берген.

Шымкент қаласы әкімдігі мен Кәсіпкерлер палатасы бірлесе ұйымдастырған іс-шара аясында «Халық тұтынатын үздік тауарлар», «Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар», «Үздік азық-түлік тауарлары» номинациясының иегерлері анықталды. Жеңімпаздар жыл соңында Нұр-Сұлтан қаласында өтетін “Қазақстанның үздік тауары” республикалық байқауына қатысады.

Сондай-ақ, ең үздік компаниялар таңдалып, аймақтық номинациялармен марапатталды. Марапаттау рәсіміне Шымкент қаласы мәслихатының хатшысы Ғани Ташқараев қатысты. Көрме күні бойы жалғасып, келушілерге ойын-сауық бағдарламалар, сыйлықтар мен лотореялар ойнатылып, бағалы сыйлықтар табысталды.

Тағабай ҚАСЫМ

Л. Гумилев атындағы ЕҰУ-дің 2010 жылғы түлегі. 2012-2013 жылдары облыстық «Оңтүстік Рабат» газетінің, 2014-2016 жыл аралығында республикалық «Спорт» газетінің тілшісі қызметін атқарды. 2013 жылдың тамыз айынан бері «Шымкент келбеті» газетінде тілші болып жұмыс істейді.