Версия для печати

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа жұмыс орындарын ашу – өзекті мәселе Избранное

Среда, 17 Июль 2019 04:25 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 2007 раз
Оцените материал
(0 голосов)

Мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысын өткізді

Жиынға Премьер-Министр, Президент Әкімшілігінің Басшысы, Үкімет мүшелері, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен облыстардың әкімдері, Қазақстан Президентіне тікелей бағынышты орталық мемлекеттік органдардың басшылары қатысты.

Президент 2-1

Отырысты ашқан Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы бірінші жартыжылдықтағы еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындыларына тоқталды.

– Қаңтар-маусым аралығында жақсы көрсеткіштерге қол жеткіздік деп айтуға болады. Атап айтсақ, экономикалық өсім 4,1 пайызды құрады. Инфляцияның жылдық көрсеткіші 5,4 пайыз болды. Негізгі капиталға салынған инвестициялардың көлемі 11,7 пайызға өсті. Әрине, аталған экономикалық көрсеткіштердің барлығы халықтың тұрмысына оң ықпал етуі тиіс, - деді Мемлекет басшысы.

Қазақстан Президенті спикерлердің назарын банк секторындағы мәселелерге, қиын жағдайға тап болған азаматтардың тұтыну кредиттеріне қатысты қарыз жүктемелерін төмендету шараларын жүзеге асыру міндетіне аударды. Сондай-ақ, коммуналды қызмет көрсету және тұрғын үй қорын басқару мәселелері бойынша тұрғындар тарапынан түскен арыз-шағымдардың көптігін атап көрсетті.

Мемлекет басшысы Түркістан облысының әкімі Ө.Шөкеевтің баяндамасына тоқталып, өз тапсырмасы бойынша қажет қаржы бөлінгенін айтты.

– Уақыт өте тығыз. Біз бұл жұмыстарды қысқа мерзім ішінде аяқтауымыз керек. Еліміздің азаматтары, мемлекеттік органдар, үкіметтік емес ұйымдар, өңірлер, отандық бизнес және бірқатар шетелдік инвесторлар зардап шеккендерге материалдық және моральдық қолдау көрсетті. Бұл – халқымыздың береке-бірлігінің арқасы және тұтастығымыздың көрінісі. Бәріне зор ризашылығымды білдіремін, – деді Қазақстан Президенті.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс министрлігіне әскери қоймаларды көшіру жұмыстарын шұғыл түрде бітіру қажет екенін айтты.
Мемлекет басшысы Арыстағы жарылысқа кінәлілердің барлығын жазалауды тапсырды. Сондай-ақ, әскери ведомствоға бақылауды әлсіреткені және жарылысқа жол берілгені үшін Қорғаныс министрі Н.Ермекбаевқа қатаң сөгіс жариялады.

– Қазір оқиғаны зерттеу үшін арнайы комиссия жұмыс істеп жатыр. Комиссия жұмысының қорытындысы бойынша Президент Әкімшілігі мен Қауіпсіздік Кеңесі кінәлілердің бәрін қатаң жазалау жөнінде ұсыныс енгізуі қажет. Бұл қауіптілігі жоғары нысандарға жақын жерге құрылыс жұмыстарын жүргізуге рұқсат берген азаматтық мемлекеттік қызметшілерге де қатысты, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Қазақстан Президенті 20 тамызға дейін басқа да осындай нысандарға егжей-тегжейлі талдау жасау үшін Қорғаныс министрлігіне, сондай-ақ, ескертулер мен төтенше жағдайларды жоюға жауаптылардың функционалдық дайындықтарын және қызметтің тиімділігін арттыру жөнінде Үкіметке тапсырма берді.

Баяндамаларды тыңдаған Мемлекет басшысы Үкіметтің, Ұлттық банктің және өңірлер әкімдерінің жұмыстарына оң баға берді. Қасым-Жомарт Тоқаев қорытынды сөзінде бағдарламалық құжаттар мен сайлауалды бағдарламаның жүзеге асырылу тиімділігін арттыру қажеттігін айтты.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.