Депутаттар оң бағасын берді Избранное

Пятница, 19 Июль 2019 03:54 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 230 раз

Шымкент қаласы мәслихатының кезектен тыс елу екінші сессиясында қала әкімінің өзіне жүктелген функциялары мен міндеттердің орындалуы туралы есебі тыңдалды. Қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов мәслихат депутаттары, зиялы қауым өкілдері алдында алты айда атқарылған жұмыстарды қорытындылап, есеп берді.

453212334

Қала әкімі жыл басынан бергі қаланың әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерін баяндап, индустриаландыру, инвестиция тарту, инфрақұрылым, әлеуметтік салалардың даму көрсеткіштеріне тоқталды. Есепті кезеңде ЖІӨ көлемі 2 пайызға, өнеркәсіп өнімінің көлемі 25 пайызға, орташа айлық жалақы 12 пайызға артып отыр.

Қала бюджеті 219 млрд теңгеге жетіп, 79 млрд теңгеге ұлғайған. Ал индустриаландыру картасы аясында 3 жоба жүзеге асырылуда. Кәсіпкерлік субъектілерінің саны 14 пайызға өсіп, 65 687 бірлікті құрады. Қалада 6345 пәтерлі 129 көп қабатты үй салынуда. Сондай-ақ, жаңадан 14 334 жұмыс орны ашылды.

– 2019 жыл жақсы жетістіктермен басталды. Осы аралықта мемлекеттік басқару жүйесін қамтамасыз етіп, қала әкімдігі, мәслихат жанындағы консультативтік кеңестер құрылды. 19 маусымда қаланың республикалық статус алғанына 1 жыл толды. Жыл басынан бері инвесторлармен көптеген келісімдер жасалды. Бағдарламалар дайындалды.

Біз осы жұмыстарды әрі қарай жалғастыруымыз керек. Оған барлықтарыңызды атсалысуға шақырамын, – деді қала әкімі.
Мәслихат депутаттары қала әкімінің есебін оң бағалады. Шымкент қаласы мәслихатының хатшысы Ғани Ташқараев өз сөзінде қалада кәсіпкерлікті дамыту, жастарды қолдауда көптеген жобалар қолға алынғанын, барлық салада өсу бар екенін атап өтті.