Бес айда 11 мың сәби дүниеге келген Избранное

Среда, 24 Июль 2019 04:09 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 2402 раз

Шымкент қалалық Статистика департаментінің басшысы Ерназар Құлтаев БАҚ өкілдерімен брифинг өткізді. Департамент басшысы 2019 жылғы қаңтар-маусымдағы қаланың әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерін, атап айтқанда, демография, тұрмыс деңгейі, еңбек нарығы және еңбекақы төлеу, шағын және орта кәсіпкерлік, өнеркәсіп, көлік, сауда және байланыс салалары бойынша 6 айлық қорытындыларды баяндады.

Статистика

– 2019 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша қала халқының саны 1 022 449 адамға жетті. Өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда халық саны 2 пайызға немесе 20 158 адамға артқан. 2019 жылғы қаңтар-мамырда халықтың табиғи өсімі 8900 адамды құрады.

Республика бойынша сәби туу мен табиғи өсім көрсеткіштері бойынша қала 4-орында. Бес айда қала бойынша 10 919 бала дүниеге келген немесе 2 пайызға өсті, - деді департамент басшысы.

Шымкентте І тоқсандағы жалпы өңірлік өнім көлемі 470 901,1 млн теңгені құрап, 2 пайызға артып отыр. Өнеркәсіп – 32,6%, көлік және қоймалау – 15,6%, көтерме және бөлшек сауда – 13,9%-ды құрайды. 2019 жылғы 1 сәуірдегі мәлімет бойынша шағын және орта кәсіпкерліктегі жұмыспен қамтылғандардың саны 138 482 адамға жетті.

Жалпы, қаладағы жұмыс күші – 430,6 мың адам. Жұмыспен қамтылғандары - 408,8 мың адам. Ал 126,1 мың адам өз бетінше жұмыспен қамтылды. Сондай-ақ, халықтың жұмыспен қамтылу сауалнамасының нәтижелері бойынша 2019 жылғы І тоқсанда жұмыссыздық деңгейі 2018 жылғы 1 тоқсанмен салыстырғанда сол деңгейде – 5,1% бойынша қалып отыр.

Ерназар Сейітханұлы алдағы халық санағына да дайындық басталғанын, бірқатар жұмыстар атқарылып жатқанын мәлімдеді.

Тағабай ҚАСЫМ

Л. Гумилев атындағы ЕҰУ-дің 2010 жылғы түлегі. 2012-2013 жылдары облыстық «Оңтүстік Рабат» газетінің, 2014-2016 жыл аралығында республикалық «Спорт» газетінің тілшісі қызметін атқарды. 2013 жылдың тамыз айынан бері «Шымкент келбеті» газетінде тілші болып жұмыс істейді.