59 адам жауапкершілікке тартылды Избранное

Среда, 24 Июль 2019 04:16 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 2575 раз

Шымкент қаласында жыл басынан бері адвокаттық және нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензия беру бойынша аттестациялау комиссиясының 4 отырысы өткізілген.

алимент1

Аттестаттаудан 46 үміткер өтсе, оның ішінде адвокатура бойынша – 21, нотариат бойынша 25 адамға лицензия берілген. Бұл туралы Шымкент қалалық Әділет департаментінің 2019 жылдың І жарты жылдығындағы атқарылған жұмыстар қорытындысы бойынша брифингінде айтылды.

Әділет департаменті басшысының міндетін атқарушы Бақтияр Камалов 2019 жылғы алғашқы жарты жылдықта жүзеге асырылған жұмыстар жөнінде баяндады.

Қалада алимент борышкерлеріне қатысты мәжбүрлеп өндіру шараларын қолдануда сот орындаушыларының, құқық қорғау органдары, жұмыспен қамту, мемлекеттік кірістер басқармасы өкілдерімен бірлескен арнайы жұмыс тобы құрылған. Жалпы қалада алимент өндіру бойынша 8222 іс бар. 59 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Бүгінде Шымкент қаласы бойынша 155 жеке сот орындаушы, 4 аумақтық сот орындаушылар бөлімдерінің құрамында мемлекеттік 8 сот орындаушы қызмет атқаруда. Шымкент қаласынан Түркістан облысына ауысқанына байланысты олардың саны 14-ке азайған.

– «2008 жылға дейін тіркелген цифрланған азаматтық хал актілерін өзектендіру» жөнінде Жол картасы әзірленген еді. 1 шілдедегі жағдай бойынша азаматтық хал актілерінің түрлерін «АХАЖ» ақпараттық жүйесіне енгізуде Шымкент қаласы бойынша өзектендірілуге тиіс 946 639 акт жазбасы өңделуде.

2019 жылдың 1 тамызынан бастап барлық мемлекеттік органдарға, мемлекеттік корпорация және нотариустарға 2008 жылға дейін тіркелген мұрағат акт жазбаларына қол жетімділік беру жоспарлануда, – деді департамент басшысының міндетін атқарушы.

1 шілдеден бастап коммерциялық ұйымдарға жататын заңды тұлғаларды, филиалдар мен өкілдіктерді мемлекеттік тіркеу функциялары әділет органдарынан «Азаматтарға арналған Үкімет» мемлекеттік корпорациясына берілді. Ал функияларды мемлекеттік корпорацияға берген сәттен бастап тіркеуші органның қызметін бақылауды әділет департаменттері жүзеге асырады.

Тағабай ҚАСЫМ

Л. Гумилев атындағы ЕҰУ-дің 2010 жылғы түлегі. 2012-2013 жылдары облыстық «Оңтүстік Рабат» газетінің, 2014-2016 жыл аралығында республикалық «Спорт» газетінің тілшісі қызметін атқарды. 2013 жылдың тамыз айынан бері «Шымкент келбеті» газетінде тілші болып жұмыс істейді.