Жалақы қарызы азаюда Избранное

Пятница, 26 Июль 2019 03:32 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 259 раз

Шымкент қаласында жыл басынан бері еңбек қауіпсіздігін сақтау бойынша 586 тексеру жүргізілген. Нәтижесінде 477 еңбек заңдылығын бұзу фактісі анықталып, ескертпелер түзілген. Кәсіподақ ұйымдары 55 еңбек дауын шешуге және 5 жазатайым оқиға орын алған жағдайларды зерттеуге қатысты.

«Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Берік Бекжанов еңбек инспекциясымен бірге, үшжақты құрылған комиссия жұмысы нәтижесінде жүзеге асқан бірқатар шаруаларды баяндады.

– Үш жақты комиссия жалақы қарыздары мәселесін шешу бағытында тиісті жұмыс атқарды. Жыл басынан бері 9 мекеменің 819 жұмыскер алдындағы 121,8 млн теңге жалақы қарызы болса, 6 айдың қорытындысымен оның саны 3 мекемеге азайды. 740 жұмыскердің 107 млн теңге жалақы қарызы өтелді.

Дегенмен, 6 кәсіпорынның 79 жұмыскер алдындағы 14,6 млн теңге жалақы қарызы қалып отыр. 2019 жылдың 6 айында жазатайым оқиғалар саны өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 13 оқиғаға азайды. Қалада 24 жазатайым оқиға болып, оның салдарынан 24 адам зардап шеккен. Ауыр жарақаттанған адам саны - 8, жеңіл жарақаттанғаны - 13, - деді Берік Айдарбекұлы.

Сондай-ақ, Шымкентте жұмыс істеп тұрған 21 661 кәсіпорынның 1033-де ұжымдық шарт жасалған. Бүгінде кәсіподақтар орталығы жанында жұмыс істейтін татуласу орталығында жалпы 392 адамға көмек көрсетілген. Кәсіподақ төрағасы еңбек шартын жасасудың маңыздылығы, цифрлық жүйені енгізу, еңбек заңдылықтарына мониторинг жүргізудің маңыздылығы жөнінде айтып өтті.

Тағабай ҚАСЫМ

Л. Гумилев атындағы ЕҰУ-дің 2010 жылғы түлегі. 2012-2013 жылдары облыстық «Оңтүстік Рабат» газетінің, 2014-2016 жыл аралығында республикалық «Спорт» газетінің тілшісі қызметін атқарды. 2013 жылдың тамыз айынан бері «Шымкент келбеті» газетінде тілші болып жұмыс істейді.