147 адам қажылыққа аттанды Избранное

Среда, 31 Июль 2019 04:08 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 368 раз

Шымкент қаласынан 147 адам қажылыққа аттанды. Әуежайындағы қажылық сапарға шығарып салу жиынында алдымен қасиетті Құран Кәрім оқумен басталды.

Қажылық 1

Бұдан кейін Шымкент қаласы бойынша өкіл имамы Бақтыбай қажы Бейсенбаев Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораз хазреттің құттықтау сәлемін жеткізді.

«Қасиетті қажылық парызының жауапкершілігі мен марапаты шексіз құлшылық.

Мүмкіндігі жеткен әр мұсылман баласына қажылық ғибадаты парыз болғандықтан, оны орындаушы, ең бірінші, Алланың сый-сияпатына кенеледі. Қажылық ғибадатын ықыласпен орындаған адамның күнәларының кешірілетіні жайлы Пайғамбарымыз (Алланың оған игілі мен сәлемі болсын): «Кімде-кім қажылық парызын өтеу барысында бос әрі жаман сөзден, сондай-ақ, үлкенді-кішілі күнәлардан бойын аулақ ұстаса, анасынан жаңа туғандай пәк болып қайтады», дейді Бас мүфти.

Қазақстан азаматтарын қажылыққа халықаралық «Flay Nas» және отандық «СКАТ» әуе компаниясы тасымалдайды. Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы мен Сауд Арабиясы Корольдігінің өкілдері осындай ортақ мәмілеге келіп отыр. Мұсылман қауымы үшін Исламның бес парызының бірі қажылыққа бару болса, биыл қасиетті орынға құлшылық етуге елімізден 320, Шымкенттен 750 адам барады.

Мұхамеджан Естеміров,
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы
бойынша өкіл имамының орынбасары

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Директор – Бахтияр Тайжан. Қоғамдық-саяси газет облыс, қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.