Бітімгерлікпен біткен іс көп Избранное

Среда, 31 Июль 2019 04:12 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 255 раз

Шымкент қалалық сотының алқа төрағалары 6 айлық жұмысты қорытындылады.

Сот 3

Қылмыстық істерді қарау нәтижелері туралы қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Ербол Жанғазин баяндап, сот төрелігінің сапасы жақсарғанын жеткізді. Ол биылғы І жарты жылдықта қаладағы соттарға 1310 қылмыстық іс түскенін, бұл былтырғы 6 аймен салыстырғанда 1,8%-ға артқанын айтты.

Биылғы 6 айда 748 адамға қатысты 636 іс бойынша сот актісі шыққан, ал 2018 жылы 612 тұлғаға қатысты 540 іс бойынша сот актісі шыққан. Яғни, биыл шыққан сот актілерінің саны 96 іске (17,7%) артып отыр.

Шымкент қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Мұхтар Парменов биылғы 6 айда Шымкент қаласының аудандық және оларға теңестірілген соттарына 15 196 талап-арыз түскенін, бұл 2018 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 2831 талап-арызға (23%-ға) артқанын айтты.

«Татуласу: сотқа дейін, сотта» пилоттық жобасын жүзеге асыру нәтижесінде сот медиациясымен аяқталған істердің саны өсіп, татуластыру рәсімдерін қолдану нәтижесінде биылғы 6 айда 905 іс аяқталды, бұл аяқталған істердің 12,2 пайызын құрайды.

Спикерлер, сонымен қатар, «Сот төрелігінің 7 түйіні» бағдарламасының аясындағы «Түнгі» және «Отбасылық» соттар, «Татуластырушы-судья», «Судья көмекшісі» т.б. пилоттық жобалардың жүзеге асыру нәтижелері туралы айтып өтті.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Директор – Бахтияр Тайжан. Қоғамдық-саяси газет облыс, қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.