#TAZAQAZAQSTAN – экологияға үлес

Среда, 31 Июль 2019 04:31 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 2839 раз

Қазақстан бойынша қолға алынған #Birge #TazaQazaqstan экологиялық акциясына Шымкент тұрғындары да белсене қатысты. Сенбілікке қатысушылар Ақтас қоқыс полигонына барар жол мен Шымкент-Ташкент тасжолының бойындағы қоқысты тазалады.

Шымдағы сенбілік 3

Қалалық әкімдікке қарасты түрлі басқармалардың қызметкерлері, қала тұрғындары мен жастар тазалық шарасына белсене үлес қосты.
Жалпы, сенбілік қаланың бірнеше жерінде өтті. Мегаполис маңындағы сенбіліктен кейін акцияға қатысушылар Шымкенттегі Есіл және Өндіріс көшелерінің бойындағы тазалық іс-шарасына қатысты.

Мұндағы №2, 3 және 4 үйлердің аулалары тазартылып, тұрғындар жаппай қоқыс шығарды.

Қалалық ТҮКШ басқармасының мамандары көшеге жарықшамдар орнатты. Ал Әл-Фараби аудан әкімдігінің бастамасымен балалар ойын алаңшалары абаттандырылды.
Жалпы сенбілік нәтижесінде 20 шақырым өзен жағалауы, 14 шақырым теміржол бойы, 9 шақырым көше тазаланып, 158 текше метр қоқыс шығарылды.

Тазалық іс-шарасына жалпы саны 28 техника мен 3 мыңнан астам адам қатысты.