Ерлан Айтаханов – Шымкент қаласының жаңа әкімі Избранное

Среда, 31 Июль 2019 04:37 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 413 раз

ҚР Президенті Жарлығымен Ерлан Қуанышұлы Айтаханов Шымкент қаласының әкімі болып тағайындалды.

Әкім

Қала активіне мегаполистің жаңа әкімін таныстыруға ҚР Президент Әкімшілігінің басшысы Қырымбек Көшербаев арнайы келді.

Жиында ҚР Президент Әкімшілігінің басшысы әкімдерге халық пен билік арасындағы диалогты қамтамасыз етуде, Президент тапсырмаларын орындауда зор жауапкершілік жүктеліп отырғанын айтты. «Қазіргі таңда ең басты міндет те, мақсат та – халықтың басқарушы, атқарушы органдарға деген сенімі мен қолдауын нығайту, халықтың үмітін ақтау» деді Қырымбек Елеуұлы қала әкімдігінің актив мәжілісінде.

Қырымбек Елеуұлы мемлекеттік саясаттың негізгі басым бағыттарын атай келе Ерлан Айтаханов Шымкент қаласының жаңа әкімі лауазымына лайық деп мәлімдеді.
– Мемлекет басшысының кадрлық өзгерістер бойынша тапсырмасымен арнайы келіп отырмын. ҚР Президенті Жарлығымен, Шымкент қаласы мәслихаты депутаттарының келісімімен Ерлан Қуанышұлы Шымкент қаласының әкімі болып тағайындалды.

Бұл азаматты өздеріңіз жақсы білесіздер. Бүгінгі таңда еліміз жаңа қарқынмен дамып, жаңа серпіліс үстінде. Дамудың жаңа жолдарын айқындау, әділетті қоғам қалыптастыру, билік пен елдің арасындағы диалогты қамтамасыз ету – басты талап.

Қасым-Жомарт Тоқаев ел экономикасын жаңа деңгейге көтеру, халықты жұмыспен қамту, ел азаматтарының табысын көбейту, жаңа жұмыс орындарын ашу, әлеуметтік қолдауды нақты ұйымдастыру, аймақ өндірісін қарқынды дамыту, мемлекеттік қаржы саласын нығайту секілді көптеген мәселені шешуді негізгі міндеттер ретінде айқындап берді.

DSC 4552

Бүгінгі өтпелі кезеңде осынау тапсырмаларды орындауға бәріміз жұмыла жұмысқа кірісуіміз керек. Шымкент қаласында да шешімін күткен мәселелер бар. Шымкент қаласы жаңарып, дами беруі тиіс. Жаңа әкім қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына бар күш-жігерін салады деп сенеміз, – деді Қырымбек Елеуұлы.

Жиын барысында Ерлан Қуанышұлы Қазақстан Республикасының халқы мен Президентінің алдында, Отанды өркендету ісіне барлық күш-жігері мен білімін жұмсайтынына салтанатты жағдайда ант берді.

Ерлан Қуанышұлы 1971 жылы 10 желтоқсанда ОҚО Алғабас ауданында туған. Экономика ғылымдарының кандидаты.
М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін, Қазақ мемлекеттік заң академиясын тәмамдаған.

Еңбек жолын 1994 жылы Alem Bank Kazakstan кредит беру департаментінің экономисі болып бастаған Ерлан Қуанышұлы түрлі жылдары ОҚО әкімінің орынбасары, ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы қызметін атқарған.

2014 жылдан бастап ОҚО әкімінің орынбасары, 2016 жылдан бастап Отырар ауданының әкімі лауазымын атқарып келді.

Тағабай ҚАСЫМ

Л. Гумилев атындағы ЕҰУ-дің 2010 жылғы түлегі. 2012-2013 жылдары облыстық «Оңтүстік Рабат» газетінің, 2014-2016 жыл аралығында республикалық «Спорт» газетінің тілшісі қызметін атқарды. 2013 жылдың тамыз айынан бері «Шымкент келбеті» газетінде тілші болып жұмыс істейді.