Сенаторлар Қоғамдық кеңес мүшелерімен кездесті Избранное

Пятница, 02 Август 2019 03:55 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 263 раз

Шымкент қаласы Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысына ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Нұрлан Бекназаров пен Айгүл Қапбарова қатысты.

DSC 4688

Мегаполиске жұмыс сапарымен келген сенаторлар кеңес мүшелерімен пікір алмасып, қоғамдық институттың жұмысын жетілдіру, мемлекеттік бағдарламалардың орындалуын бақылау мәселелері бойынша ой бөлісті. Жиында
Нұрлан Құдиярұлы Қоғамдық кеңес 3 жылдан бері табысты жұмыс істеп келе жатқанын, әлі де жұмысты жетілдіре түсу қажеттігіне тоқталды.

– Өзіміз сайланған өңірдің тыныс-тіршілігімен танысып, атқарылып жатқан жұмыс, өзекті мәселелер жөнінде хабардар болып отыруымыз керек. Президент тапсырмасына сәйкес Үкімет тарапынан Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларының дамуына көп көңіл бөлінуде.

Ал қоғамдық кеңес институты – билік пен қоғам арасында алтын көпір болуы тиіс. Қоғамдық кеңестің функцияларын жетілдіру бойынша ұсыныстарыңызды айтыңыздар. Қоғамдық кеңес әрі қарай да қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қоса береді деп сенемін, – деді Нұрлан Құдиярұлы.

Айгүл Жарылқасынқызы өңірдегі әлеуметтік қолдау шараларына көбірек көңіл бөлу қажеттігін айтты.
– Қоғамдық кеңестің ықпалы мен рөлі жыл сайын күшейіп келеді. Елімізде әлеуметтік реформалар жүргізілуде, жаңа әлеуметтік көзқарас қажеттігі туындап отыр.

Осы мәселеде сіздерге артылар жүк ауқымды деп ойлаймын. Болашақта өздеріңізбен көптеген мәселелер бойынша тығыз жұмыс істейміз, – деді Айгүл Жарылқасынқызы.
Жиында кеңес мүшелері де өз ойларын айтып, ұсыныстарын жеткізді.

Тағабай ҚАСЫМ

Л. Гумилев атындағы ЕҰУ-дің 2010 жылғы түлегі. 2012-2013 жылдары облыстық «Оңтүстік Рабат» газетінің, 2014-2016 жыл аралығында республикалық «Спорт» газетінің тілшісі қызметін атқарды. 2013 жылдың тамыз айынан бері «Шымкент келбеті» газетінде тілші болып жұмыс істейді.