Маңызды жобалар аудан әкімдерімен келісіледі Избранное

Пятница, 02 Август 2019 04:00 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 522 раз

Шымкент қаласының әкімі Ерлан Айтаханов өз орынбасарларын, аудан әкімдерін, салалық басқарма басшыларын жинап, алғашқы жиналысын өткізді. Мегаполис әкімі мәжілістің басында аудандардың және басқармалардың жұмыс бағыттарымен танысты.

Әкімнің жиналысы 2

Ерлан Қуанышұлы ең өзекті мәселелердің бірі ретінде қаланың шалғай елдімекендерін дамыту қажеттігін баса айтты. Қажет инфрақұрылымның, атап айтқанда, сапалы ауызсу, газбен жабдықтау, электр қуаты, жол, кәріз жүйелерінің жеткіліксіздігі мәселесін жүйелі түрде шешуді талап етті. Келесі жылдың басым бағыты ретінде қаланың шалғай елдімекендерін дамытуды айқындады.

– Жергілікті билік қаланың әр тұрғынына, олардың тұрғылықты мекенжайына қарамастан бірдей жағдай жасауы қажет, яғни, өмір сүруге қолайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыру, бұл – Елбасы және Президенттің әкімдерге қойған басты талабы, - деді Ерлан Қуанышұлы.

Мегаполис әкімі, сонымен қатар, тұрғындардың мәселелерін жедел әрі сапалы шешу мақсатында аудан әкімдерінің құзыреттерін заң аясында кеңейту қажеттігін атады.

– Аудан әкімдеріне халық мұң-мұқтажын айтып келеді, ал әкімдерде оны шешетін не құзіреті жоқ, не қаражаты жоқ. Халық аудан әкіміне Президенттің өкілі деп сеніп, үміт артып келеді. Олар қарапайым мәселені шеше алмаса, халықтың билікке деген сенімі жоғалады, - деп мәлімдеді әкім.

Осыған орай қаладағы негізгі жобаларды аудан әкімдерімен алдын ала келісуді тапсырды. Бұған қоса бюджеттің тиімсіз жоспарлану фактілерін атап, бюджет шығындарын ішкі резервтерді пайдалана отырып, тез арада оңтайландыруды тапсырған қала әкімі атаулы әлеуметтік көмек көрсету сапасын арттыру бойынша да тапсырмалар берді.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Директор – Бахтияр Тайжан. Қоғамдық-саяси газет облыс, қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.