Версия для печати

Департаментте – жаңа басшы Избранное

Пятница, 02 Август 2019 04:07 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 2488 раз
Оцените материал
(0 голосов)

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Төрағасы Алик Шпекбаев Агенттіктің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшылығына Асхат Жұмағалиды тағайындады.

Тағайындау

Асхат Жұмағалиұлы 1979 жылы туған. Құқық қорғау жүйесінде, прокуратура және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет органдарында 20 жылдан астам тәжірибесі бар. Еңбек жолын прокуратураның қатардағы маманынан бастап, орындаушылық лауазымнан өңірлік департамент басшысына дейінгі лауазымдарды атқарды.

Осы уақытқа дейін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы қызметін атқарып келді.
Айта кетейік, жаңа басшы қоғаммен тығыз байланыс орнату үшін facebook әлеуметтік желісінде жеке парақшасын ашты.

Арман СӘДУӘЛІ

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.