Версия для печати

КОНСТАНТИН ЦИАЛКОВСКИЙ

Среда, 28 Август 2019 04:18 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 2363 раз
Оцените материал
(0 голосов)

Константин Эдуардович Циалковский! Әлемге әйгілі ғалым, ғарыш және ракета техникасының негізін салушы. Константин Циалковский ғалым ретіндегі атақ даңқы қаншалық жоғары болса, отбасылық жағдайы соншалық ауыр болған.

02 4EOjCBG

Айтпақшы осы данышпан жан 1919 жылдың қарашасында чекистердің қолынан атылып та кете жаздаған екен.
К.Э.Циалковский Ресейдің Калуга қаласында тұрған ғой. Жоғарыда аталған уақытта ғалымның үйіне Образцов деген біреу келіп, өзінің Кеңес өкіметіне қарсы соғысып жатқан Деникин әскерінің офицері екенін, Циалковский жетекшілік ететін контрреволюционерлер-барлаушылар тобы жинақтаған құпия мәліметтерді алуға келгенін айтады.

Циалковский қандай да бір шпион-барлаушылармен байланысының жоқтығын, бұның арандату екенін айтып, Образцовты қуып жібереді. Ол ертеңіне тағы да келіп, Деникиннің Еріктілер әскері барлау бөлімшесінің агенті екені жөніндегі құжатын көрсетеді. Сосын кешегі айтқанын тағы қайталайды. Мәселе былай екен:

Деникиннің барлау қызметіне жасырын еніп алған чекист -барлаушыдан Мәскеуге: «Калуга қаласына Деникин барлаушысы жіберілді. Ол Константин Эдуардовичпен кездеседі. Циалковский большевиктер үкіметіне қарсы «Ресейдің жаңғыру олағы» дейтін көтерілісшілер ұйымымен байланысты» деген хабар түседі.

Ал Мәскеу қолына жалған құжат ұстатып, өзін «Деникин әскерінің барлаушы офицерімін» деп көрсететін етіп, әлгі Образцовты Калугаға, Циалковскийге жіберген екен. Ғалым оны қуып жібергенімен тұтқынға алынып, Мәскеуге «Лубянкаға» әкелінеді. Түрмеде тергеу жүргізген Ачкасов деген тергеуші: «Ату жазасына тиісті. Алайда ғалымдығы ескеріле отырып, жасының ұлғайғандығы мен денсаулығының нашарлығы себепті концентрациялық лагерьде ұстауды ұсынамын» деп хаттама толтырады.

Ол жылдары ЧК (Төтенше комитет) сотсыз-ақ өздері үкім шығарып, оны өздері орындай беретін. Ачкасовтың хаттамасы қолына тиген Мәскеу төтенше комитетінің төтенше бөлімінің басшысы Ефим Георгиевич Евдокимов тергеушінің ұстанымымен келіспейді. «Циалковский үлкен ғалым, қарт адам, барлаумен қандай шаруасы бар. Ол жөніндегі барлаушымыздан түскен мәлімет негізсіз» деген сеніммен хаттамаға: «Циалковский босатылсын және іс қысқартылсын». Е. Евлокимов. 01.12. 19.» деп бұрыштама жазады. Осы екі ортада Деникин жақта жүрген барлауы-чекистен «Циалковский тыңшы емес екен» деген хабар да түседі. Ғалымды кешкісін абақтыдан шығарады. 

Константин Эдуардович үйіне Калугаға жететін көлік таба алмай түнде абақтыға қайта келіп, бастығынан рұқсат алып, түрмеде қонып шығады. 

Әке мен ана үшін баласының өлімін көруден асқан қасірет жоқ. Циалковскийдің 7 баласы (3 қыз, 4 ұлы) болған. Олардың бесеуі әкеден бұрын қайтыс болады. Константин Эдуардович балаларын өз қолымен жерлейді. Тұңғышы

Игнатий ұстамды, ойлы, көп оқитын, көп білетін бала екен. Ол Мәскеу университетінің жаратылыстану факультетінде оқып жүріп, 1902 жылы у ішіп өледі. Оны Мәскеуде жерлеу кезінде ғалым баласының моласының үстіне құлап түседі.

Екінші баласы әкесінің сенімді көмекшісі болған, әкесі жүргізген тәжірибелерді қағазға түсіріп отырушы Иван 1919 жылы әкесінің сөзімен айтқанда «... аштықтан және менің айтқандарымды күндіз-түні қағазға түсіріп отырудан әбден шаршап, әлсірегендіктен...» қайтыс болады. Үш жылдан кейін 1922 жылы мектепте мұғалім болып істейтін кенже қызы Анна туберкулез ауруынан көз жұмады, соңында емізулі баласы қалады. Келесі жылы 38 жасар Александр есімді ұлы өзіне өзі қол жұмсап, бақилық болады.

Александр да мектепте бала оқытатын. Ал Леонтиі жедел өткен қызылшадан қайтыс болады.
«Мен отбасым мен жақындарымның игілігін екінші кезекке қойдым. Бірінші кезекте жұмыс, ойдағы идеяны жүзеге асыру тұрды. Мен ішкілік ішпедім, темекі тартпадым, өзім үшін бір тиынды да артық жұмсамадым. Барлық кезде дерлік жарты құрсақ аш жүрдім, нашар киіндім. Менімен бірге отбасым да осыған ұшырап жүрді.

Жұмыс жайымен сансырап, шаршаңқы тартып, жиі ашуланатынмын. Бәлкім өзім айналамдағылардың өмірін ауыр, күйгелек еткен болармын. Балаларым осыдан ауру болған шығар-ау... «Константин Эдуардович бұл сөздерді төрт баласы қайтыс болғаннан кейін жазған.

Циалковский діндар адам болған. Бірақ балаларының бірінен соң бірінің өлімінен кейін одан безіне айнып, «адамды жаратушы жоқ, адам атомдардың жиынтығы, атомдар үйіндісі ғана» деген ұғымға келген.

Ия, Ұлы ғалымның отбасылық өмірі осылай қасіретті өткен.

Дайындаған
Сәділ КӘДЕЕВ

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.