Версия для печати

Шетелде біздің өнімге салық көп, ал бізде керісінше Избранное

Среда, 28 Август 2019 04:20 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 2341 раз
Оцените материал
(0 голосов)

Шымкент қаласына жұмыс сапарымен келген ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Nur Otan» партиясы фракция мүшесі Бақытбек Смағұл «Болашақ 7» ЖШС-нің жұмысымен танысты.

мажилис депутаты-1

Энергетикалық сусындар мен шырындар шығаратын жаңа өндіріс орны «Тассай» индустриалды аймағында орналасқан. Зауыттың өзіндік құны – 1 млрд теңге. «Бизнестің жол картасы – 2020» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде қолдау тапқан кәсіпорын заманауи қондырғылармен жабдықталған. Депутат зауыт жұмысымен танысып, зауыт жұмысшылармен кездесті.

- «Болашақ 7» ЖШС-дегі өнімдердің шикізатының 80 пайызы өз елімізден. Зауыт соңғы технологиямен жабдықталған, өніміміз сапалы болғандықтар сұраныс бар. Ағымдағы жылдың ақпан айынан бастап іске қосылған зауытта 80-нен астам жұмысшыны тұрақты жұмыспен қамтып отырмыз. Жалақы 140 - 160 мың тенге көлемінде. Одан бөлек 50 жуық жұмысшы өнімді таратуға тартылған, - дейді кәсіпорын директоры Ерлан Омаров.

Сусындардан дәм татқан Мәжіліс депутаты зауыт өнімінің сапасы мен тауар белгісі жоғары екенін баса айтты.
– Темір құтыдан өнім шығаратын еліміздегі бірден-бір өндіріс осындай қарқынмен жұмыс істеп жатқаны қуантады. Зауыт басқа да өте сапалы сусындармен елімізді қамтамасыз ете отырып, оны шетелге де экспорттайды. Жұмысы, товар айналымы қарқынды.

Өкінішке орай, шетелге, көршілес Өзбекстан еліне үлкен сұранысы бар біздің өнімдердің барлығына олардың салығы 4 есе қымбат. Ал, біздің елге кіріп жатқан шетелдіктердің өнімдерінің салығы аз. Ондай жағдайда Парламентте Nur Otan партияcымен бірге салық мәселесін шешетін боламыз. Еліміздің дамуына үлес қосып отырған осындай кәсіпорындарға, мекемелерге ықпал жасау - біздің басты міндетіміз, - деді депутат.

Сондай-ақ, депутат өндіріс орны жұмысшыларымен кездесіп, олардың сұрақтарына жауап берді.

Сәбит ТАСТАНБЕК

Л. Гумилев атындағы ЕҰУ-дің "Журналистика" мамандығын (2004-2008) тәмамдаған. Алматы қаласында Отан алдындағы әскери борышын (2008-2009) өтеген. Республикалық «Sport», «Қазақ спорты» газеттерінде және Шымкент қаласы әкімдігінің ресми сайтында тілші болып еңбек еткен. 2013 жылдан бастап «Шымкент келбеті» газетінің тілшісі, 2016 жылдың ақпан айынан 2018 жылдың ақпан айына дейін Бас редактордың орынбасары болып істеген.