Зайырлы ел заңымен заңғар Избранное

Среда, 28 Август 2019 04:33 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 2744 раз

Конституция – мемлекеттің саяси және құқықтық құжаты, ол әрбір азаматтың құқы мен мүддесін қорғайтын заңдық паспорты.

aaf5f49b0f5b4ed400bb3950a7f365ab

Өткен тарихымызға көз жүгіртсек, қазақ елінің алғашқы Конституциясы Қаз АКСР кезінде 1926 жылы 18 ақпанда қабылданған. Уақыт өте келе 1937 жылдың 26 наурызында 11 бөлім, 125 баптан тұратын Қазақ КСР екінші Конституциясы қабылданды. Ал 1978 жылы 20 сәуірде Қазақ КСР-ның Конституциясы өзгерістермен қайта қабылданған. Онда - кіріспе, 10 бөлім, 19 тарау, 173 бап болды. Бұның өзі заман талабына, уақыт құзіретіне сай заңға да өзгерістер енгізіліп отырғанын көрсетеді.

Конституциялық қағидалардың бұзылуы өте елеулі құқық бұзушылық болып табылады. Қолданылу мерзіміне қарай Конституция тұрақты және уақытша деп екіге бөлінеді. Уақытша Конституциялар елдің түпкілікті конституциялық құрылымын әзірлеу қажет болатын өтпелі кезеңде қабылданады.

Кейде уақытша конституция көптеген жылдар бойы қолданыста болады. Керісінше, тұрақты конституцияның қолданылу уақыты өте қысқа болуы мүмкін. Қазіргі әлемдік тәжірибеде жаңа конституция қабылдаудың түрлі әдістері қолданылады. Атап айтқанда, Конституцияны парламент, құрылтай жиналысы, референдум, немесе аралас тәсілдермен қабылдайды.

Тәуелсіз Қазақстан Республикасының алғашқы Конституциясы 1993 жылы 28 қаңтарда қабылданды. Ол - кіріспеден, 21 тараудан, 131 баптан тұрды. Уақыт өте келе Ата Заңымыздың кейбір баптарына өзгерістер енгізілуіне байланысты, 1995 жылы 30 тамызда Қазақстан Республикасының Конституциясы мемлекет басшысының басшылығымен әзірленіп, бүкілхалықтық референдумда қайта қабылданды. Дауыс беру еліміздің қалалары мен ауылдарындағы 10253 сайлау учаскелерінде жүрді. Сайлаушылыр саны 8 млн 766 мың 53 деп тіркелді.

Мұның алдыңғы Конституциядан айырмашылығы – ол тұңғыш рет мемлекетіміздің Тәуелсіздігін, Егемендігін және Қазақстан халқының толық билігін бекітіп, одан әрі орнықтырды. Ата Заң бойынша Қазақстан Республикасының Президенті саяси жүйенің басты тұлғасы болып табылады. Билік тармақтарынан жоғары тұрады. Бұл президенттік басқару жүйедегі мемлекетке сай келеді.

Қазақстан Республикасының бұл Конституциясы конституциялық заңдардың қағидаларын тұжырымдап, бір арнаға келтірген Ата Заң, яғни мемлекетіміздің Негізгі Заңы болып табылады. Конституция - кіріспеден, 9 бөлімнен, 98 баптан, көптеген тармақтар мен тармақшалардан тұрады.

Осы тәуелсіз мемлекетіміздің Ата Заңының қабылданғанына биыл жиырма төрт жыл болды. Жиырма төрт жыл ішінде еліміз өз тәуелсіздігін орнықтырып қана қоймай, одан әрі нығайтып, әлем таныған мемлекетке айнала білді. Қазақстанның жүзеге асырған экономикалық, әлеуметтік, саяси қайта құрулары мен қол жеткен жетістіктері түгелдей Конституциямызбен тығыз байланысты екені күмәнсіз.

Құқықтық-демократиялық зайырлы қоғам құру бағдарын ұстанған Қазақстан екі палаталы кәсіби Парламентін, биліктің жеке тармағы түріндегі әділетті сот жүйесін қалыптастырды.
Өткен жиырма төрт жыл ішінде көптеген жаңа заңдар қабылданып, халық игілігіне қызмет етуде. Сол заңдардың қайнар көзі, бастауы - Конституция.

Ж. Елмуратова,
Түркістан облысы
мемлекеттік
архивінің қызметкері

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.