Көпшіліктің көкейінде жүрген мәселелер қамтылды Избранное

Среда, 04 Сентябрь 2019 04:06 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 566 раз

– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған алғашқы Жолдауын жариялады. Парламент палаталарының бірлескен отырысында Президент өзінің Сайлауалды бағдарламасында айтылған межелердің орындалатынын қадап тұрып айтты.

роза пак

Бұл ұстаным жұртшылықтың көңілінен шықты.Бір сөзбен айтқанда, Жолдауы өзіндік нақтылығымен, ұғынықтылығымен ерекшеленді. Халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған құжатта әлеуметтік тұрғыда аз қамтылған қазақстандықтардың жағдайын жақсартудың нақты міндеттері айқындалды.

Осыған дейін қабылданған маңызды мемлекеттік бағдарламалар мен саяси құжаттардың жалғасы болып табылатын бұл жолғы Жолдау ұстаздар мен мәдениет саласы қызметкерлеріне ерекше екпін беруімен көпшіліктің көңілінен шықты.

Тоқаев мемлекетті нығайту, отандық бизнесті қолдау, халықты әлеуметтік қорғау және экономиканы дамыту жайына тоқталды.

Мемлекет басшысы бағаның өсуіне сын айтты. Жергілікті билік қызметінің тиімділігін тікелей бағалау бастамасын көтерді. Қазақстандықтардың тұрмыс сапасын арттыру, кәсіпкерлікті қолдау, инфрақұрылымды дамыту, баспана мәселесін шешу сынды тегеурінді басымдықтар жүзеге асқан жағдайда елдің тұрмысы түзеліп, жағдайымыздың жақсаратынына сенеміз.

Жолдау болашағымыздың іргесін нықтауға міндеттейді. Ендеше қуатты Қазақстанды бірге құрып, елдің әл-ауқатын жақсарту жолында жемісті жұмыс істеп, ерінбей еңбектенейік.

Роза ПАК,
Шымкент қалалық
корей этномәдени
бірлестігінің төрайымы

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Директор – Бахтияр Тайжан. Қоғамдық-саяси газет облыс, қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.