Бүгін еліміздің астанасы Нұр-Сұлтан қаласында Азия елдері жазушыларының форумы басталды.
Жиынға 44 мемлекеттен әлемге беделді халықаралық сыйлықтардың жүлдегерлері, Жазушылар одағы мен ассоциацияларының төрағалары қатысуда. Шетелдік қаламгерлермен кездесуде қазақстандық жазушылар әлемдік әдеби үрдістерге қатысты біраз мәселелерді талқыламақ.
Сондай-ақ бұл форум Азия аймағында орналасқан елдер арасындағы әдеби-мәдени байланыстарды нығайтумен қатар, Қазақстанның әдебиетін, рухани құндылықтарын паш етуге, әдеби үдерістің дамуына қатысты тәжірибе алмасуға мүмкіндік береді.
Қаламгерлердің халықаралық басқосуына Шымкент қаласынан Қазақстан Жазушылар Одағы Шымкент филиалының төрағасы, жазушы Шойбек Орынбай, Халықаралық «Алаш» сыйлығының иегерлері, белгілі жазушы
Мархабат Байғұт пен айтулы ақын Ханбибі Есенқарақызы, «Серпер» жастар сыйлығының иегері, ақын Бақытжан Алдияр қатысуда.