МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІҢ МӘРТЕБЕСІ

Четверг, 05 Сентябрь 2019 03:30 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 5255 раз

 14789

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауында - қазақ тілінің мәртебесіне тоқталып, мемлекеттік тілдің ұлтаралық қатынас тіліне айналатынына сенім білдірді.

Мемлекеттік тіл мәртебесі Қазақстан Республикасының Конституциясында және «Қазақстан Республикасындағы тiл туралы» заңында айқындалған. Мeмлeкeттiк тіл елдің бүкiл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мeмлeкeттiк басқару, заң шығару, сот iсiн жүргiзу және iс қағаздарын жүргiзу тілі. Сондай-ақ, бүгiнгi таңда қазақ тілі әлiпбиiн кириллицадан латын графикасына көшiру мәселесі eлiмiздe eлeулi тілдік реформа басталғаны өздeрiңізгe мәлiм. Өйткені өркениетке құлаш ұратын елдің өрісі қашанда білікті де, саналы ұрпақпен кеңеймек. Әлемдегі мүйізі қарағайдай елдердің санатына енуді көздеген халықтың басты мақсаты да сауаты ұрпақ тәрбиелеу. Сауатты ұрпақ тәрбиелеу дегеніміз, өз ана тілінде еркін сөйлей алатын, оны терең меңгерген ұрпақ. Ал ана тілін жақсы білмейінше сауатты сөйлеп, сауатты жазып, тіл байлығын мол қолданбайынша, шын мәніндегі мәдениетті адам бола алмаймыз.

Қазіргі таңда мемлекет біздерге үш тілді білуді міндеттеп отыр. Менің ойымша, егер адам өзге тілді білетін болса, ол рухани бай адам деп ойлаймын. Өйткені сол тіл арқылы басқа халықтың мәдениетін, дәстүрін үйренеді, басқа тілді үйрену арқылы танымы  кеңейеді. Сондықтан мен өз замандастарымды «өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» деп ақын Қ.Мырзалиев айтқандай, басқа тілді біле отырып, ең алдымен өз ана тілімізді құрметтеуге шақырамын.

 


ИЧ 167/4 мекемесінің ТБ жедел уәкілі,

әділет аға лейтенанты С.ИЛЬЯСОВА

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.